Қосымша топтамалар

Қосымша топтамаларды қосу пәрмені *590#OK. Қосымша топтама бойынша қалдықты білу үшін *100#OK пәрменін теріңіз.

ҚР бойынша басқа мобильді операторларға қоңыраулар:

Интернет топтамалар:

Қосымша топтаманы қосу құны оны белсендірген сәтте толық көлемде алынады. Егер теңгерімдегі қаражат жеткіліксіз болса, топтама қосылмайды.

Қосымша топтаманың әрекет ету мерзімі — қосылған сәттен бастап 720 сағат (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 23:59 дейін).

Қосымша топтама бойынша жұмсалмаған қызметтердің көлемі келесідей ретте жойылады:

- қосым топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда;

- тарифтік жоспардың басқа тарифтік жоспарға ауысқан жағдайында*;

- байланыс қызметтерін көрсету шартының бұзылған жағдайында.

* сіз ауысқан тарифтік жоспарда ұқсас қосымша топтамалар қолданылатын жағдайлардан басқа.

Қосымша интернет-топтама барынша қолжетімді жылдамдықта ұсынылады. Тарифтік жоспар бойынша жұмсалмаған көлем болған кезде бірінші кезекте қосымша топтама, одан кейін тарифтік жоспар бойынша көлем жұмсалатын болады. Қосымша топтама бойынша да, тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған кезде айдың соңына дейін жылдамдық 64 Кбит/сек аспайды.

Егер тарифтік жоспар мен қосымша топтама бойынша қызметтер көлемі болса, онда абоненттік төлем алынған кезде алдымен қызметтердің қосымша топтамасы жұмсалады. Бірнеше қосымша топтаматерды қосқан кезде алдымен қолданылу мерзімі аз қызметтердің қосылған көлемі жұмсалады.

Қоңырау шалу үшін қосымша топтамалар таусылған жағдайда тарифтеу тарифке сәйкес болады. Қосымша топтама бойынша да, тарифтік жоспарлар мен қосымша қызметтер бойынша да интернет-трафик таусылған кезде айдың соңына дейін жылдамдық 64 Кбит/сек аспайды.

Қосымша топтамаларға 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қосылуға болады.