Inform Plus

Информ Плюс

Сатылымды, клиенттердің адалдығын
және хабардар болуын арттыратын құрал

Қосу

Артықшылықтары

Жаңа клиенттерді тарту

Клиент базасына SMS жіберу

Хабардар болу

Таратуды, оның уақытын, SMS санын және басқаларды басқару

Қауіпсіздік

Қорғалған сертификатталған байланыс арнасы

Брендтеу

Жеке сәйкестендіргіш - мысалы, Сіздің компанияңыздың бренді

Құрметті клиенттер, «Информ Плюс» қызметін ұсыну шарттарындағы өзгерістерді назарға алыңыздар.

Бөлінген сәйкестендіргіштердің SMS-тарату сервисіне қол жеткізу қызметтерінің құны SMS-хабарламалардың түрлері бойынша қолданылады: Жария шартқа тиісті өзгерістер енгізіліп, талаптар 01.03.2024 бастап қолданылады.

Қызметтердің құны 01.03.2024 жылдан бастап

Хабарлама үлгісі

«Кселл» АҚ желісі ішінде Абонентке жолданған бір SMS-хабарламаның құны, тг, ҚҚС есебімен

Верификациялық*

6,89 тг

Транзакциялық**

9,07 тг

Сервистік***

10,98 тг

Жарнамалық****

12,99 тг

Верификациялық SMS* - алғашқы тіркеу кезінде немесе абоненттік құрылғыны ауыстыру кезінде провайдердің немесе провайдер клиентінің сервис немесе қызмет көрсету шеңберінде верификациялау рәсімдерінен өтуге ғана арналған ақпаратты қамтитын SMS-хабарлама

Транзакциялық SMS* - қаржы/төлем операцияларын растайтын кодтары бар хабарламалар, шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы туралы хабарламалар. (Мысалы, Абоненттің банк шотындағы және/немесе электрондық төлем құралындағы ақша қаражаты сомасының өзгеруі бойынша операцияны жүргізу туралы және ақша қаражатын аудару туралы хабарламаны және/немесе электрондық ақша қаражатын пайдалана отырып операция жасалғаны туралы хабарламаны қамтитын мәлімдеме).

Сервистік SMS** - клиенттерге оқиғалар туралы хабарламаларды автоматты түрде жібереді (мысалы: тауар қоймаға жеткізілді; вебинар 20 минуттан кейін басталады), абонент тарапынан нақты іс-қимылдар туралы еске салады (мысалы: жинақталған бонустарды маусымның 25-не дейін пайдаланыңыз; шотты 10 мамырға дейін толықтырыңыз).

Жарнамалық SMS*** - жарнамалау объектісіне, яғни тауарларға/жұмыстарға/қызметтерге назар аудартуға бағытталған SMS-хабарламаның мәтіні, сондай-ақ Сервистік және Транзакциялық SMS-хабарламаларға жатпайтын өзге де SMS-хабарламалар.

 

Клиент үшін Абонент «Кселл» АҚ желісі ішінде Клиент Сәйкестендіргішіне жолдаған бір SMS-хабарламаның құны үлгілеуді есепке алмағанда ҚҚС есебімен 9 (тоғыз) теңгені құрайды.

Басқа байланыс операторларының желісіне хабарлама транзиті қызметі

Клиенттің басқа операторлардың желілеріне жіберген бір SMS-хабарлама құны ҚҚС есебімен 1 теңгені құрайды.

Платформада бір сәйкестендіргішке қызмет көрсетудің ай сайынғы құны басқа операторлардың желілеріне транзиттік хабарламалар үшін айына ҚҚС есебімен 5000 теңгені құрайды.

Қосу

Қызметтер мен тарифтер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша сауда өкіліне хабарласу қажет:

9099 — Kcell/activ ®абоненттері үшін ®(тегін) · 8(727)2587021 — қалалық нөмірден