Автомониторинг

 

«Автомониторинг» қызметі – бұл «Кселл» АҚ қызмет көрсету шектерінде түрлі облыстардағы шалғайда орналасқан нысандарды (көлік құралдарын және арнайы техниканы) тиімді басқаруға арналған жиынтықты шешім.

 

- Жүктерді тасымалдау, адамдарды тасу және такси қызметтерін көрсететіндер үшін;

- Қоғамдық көліктер үшін;

- Ауыл шаруашылығы үшін;

- Құрылысшылар мен жол жөндеу техникасы үшін;

- Жер қазу жабдығы мен арнайы техника үшін.

- Шалғайдағы нысандарды пайдалану және басқару тиімділігін көтеру;

- Сату мен жеткізудің мобильді бөлімшелерінің тиімділігін басқару;

- Шығындарды оңтайландыру;

- Барлық деңгейдегі басқарушыларға арналған статистика, есептілік және тиімді жоспарлау;

- Қызметті «Кселл» АҚ желісінің қамту аймағында ҚР барлық аймақтарында ұсыну.

Мониторинг жүйесі төмендегілерді қамтиды: SIM-карта және «Кселл» АҚ ұсынатын электрондық платформа негізінде онлайн режимде нысандардың оналасқан жерін бақылауды және нысандар туралы ақпарат алуды қамтамасыз ететін «Кселл» АҚ жабдығы.

SIM-картасы бар жабдық пайдаланушының көлігіне орнатылады. Пайдаланушыға «Кселл» АҚ электрондық платформасын пайдалану арқылы web-бетке кіріп, көліктің орналасқан жерін қарау үшін логин және пароль беріледі.

 

2014 жылдың 1 тамызынан кейін қосылған клиенттер үшін кіру

2014 жылдың 1 тамызына дейін қосылған клиенттер үшін кіру

Қызметтер мен тарифтер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша сауда өкіліне хабарласу қажет:

9090 — Kcell/activ® абоненттері үшін (тегін) · 8(727)2587021 — қалалық нөмірден