Роумингтегі «Атлас Pro» шектеусіз интернеті
Роумингте интернетті пайдаланып, әлемнің 75 елінде күніне бар-жоғы 990 теңгеге байланыста болыңыз!
_copy.jpg)
Егер сіздің құрылғыңызда роумингте деректерді беру қосылған болса және сіз төменде көрсетілген елдердің бірінде интернетті пайдалана бастасаңыз, тәулігіне 990 тг «Атлас Pro» бар шектеусіз интернет қосылады.
Белсендірілгеннен кейін бір тәулік ішінде сізге ең жоғары жылдамдықта 200 МБ қолжетімді болады. Бұл көлем таусылғаннан кейін жылдамдық тәуліктің соңына дейін 128 Кбит/сек дейін төмендейді. Бұл жылдамдық WhatsApp, пошта және Google карталары үшін жеткілікті болады.
Әрбір келесі топтама бір тәулік өткеннен кейін беріледі және ол үшін төлем интернетті пайдаланған кезде ғана есептен шығарылады. Егер сіз роумингте интернетті пайдаланбасаңыз, абоненттік төлем алынбайды.
Егер абоненттік төлемді есептен шығару үшін теңгерім жеткіліксіз болса, интернет 100 тг/МБ тарифтеледі. Топтаманы қайта қосу үшін:
1. Теңгерімді толықтырыңыз немесе кредиттік лимитті ұлғайтыңыз.
2. Ағымдық сессияны құрылғыдағы деректерді беруді өшіріп, қайта қосу арқылы жабыңыз.
Егер нөмірде "Business travel" немесе "Big Box" қызметтері қосылған болса, "Атлас Pro" топтамасы қолжетімді болмайды, сондай-ақ премиум, жерсеріктік бағыттар және роумингтің ерекше түрлеріне жарамсыз.
Дауыстық қоңыраулар мен SMS қалыпты тарифтерге сәйкес тарифтеледі. Толығырақ
Науқан әлемнің келесi елдерінде жарамды: Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Аргентина, Армения, Бахрейн, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Гана, Германия, Гонконг, Грекия, Грузия, Дания, Мысыр, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Люксембург, Макао, Малайзия, Мальта, Мексика, Моңғолия, Непал, Нидерландтар, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Португалия, Молдова Республикасы, Ресей, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, АҚШ, Тәжікстан, Тайвань, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Жапония
Қызмет премиум бағыттарға, спутниктік бағыттарға және роумингтің ерекше түрлеріне қолданылмайды.
6541 нөміріне 50 мәтінін жіберіңіз де күн соңына дейін 400 теңгеге жоғары жылдамдықта тағы 50 МБ алыңыз. Қосылатын қосымша топтамалар саны шектелмеген.