Құрылғыларды заңды тұлғаға немесе ЖК-ге рәсімделген нөмірлер бойынша тіркеу
«Байланыс туралы» Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторларының желілерінде жұмыс істейтін барлық абоненттік құрылғылар (телефондар, планшеттер, модемдер, роутерлер, SIM-карталы сағаттарды және т.с.) тіркелуі тиіс. Байланыс операторлары тіркелмеген абоненттік құрылғылар бойынша байланыс қызметтерін көрсетуге құқылы емес.
Абонент үшін ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын (бұдан әрі — құрылғылар) тіркеу тегін жүзеге асырылады.
Егер абоненттік құрылғы заңды тұлғаның немесе ЖК қызметкеріне тиесілі болса, мұндай тіркеу осындай құрылғыда корпоративтік нөмірді пайдалану аяқталғанға дейін жарамды болады.
Қызметкердің абоненттік құрылғысын корпоративтік нөмірге тіркеу заңды тұлғаның немесе ЖК абоненттік құрылғысына меншік құқығын беру болып табылмайды.
SIM-карталы машинааралық өзара әрекеттестік құрылғылары (автомобильдік дабыл құрылғылары, датчиктер, трекерлер, POS-терминалдар және басқалары) тіркеуге жатпайды. Сондай-ақ, тіркеу Қазақстан Республикасында роуминг болып табылатын ұялы құрылғыларға жатпайды.
Тіркелмеген құрылғылардың өшірілуін болдырмау мақсатында компанияға ыңғайлы болу үшін (мысалы: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткенде, жаңа құрылғыны сатып алу кезінде) 2019 жылғы 1 сәуірдегі жай-күй бойынша құрылғыларды корпоративтік нөмірлер бойынша тіркеу жүзеге асырылды.
Сұрақ жауап
Бұл абоненттік құрылғының (ұялы телефонның, планшеттердің, модемдердің, SIM-карталы сағаттарды және т.с.) халықаралық сәйкестендіруші коды, оны өндіруші құрылғыға тіркейді. Ол байланыс операторы желісінде құрылғыны сәйкестендіру үшін қызмет етеді. Әдетте, IMEI төрт жерде көрсетіледі: құрылғының өзінде (көбіне пернетақтада * #06# теру арқылы көрсетілуі мүмкін), аккумулятор батареясының астында, қаптамада және кепілдік талонында.
Абоненттік құрылғыны жасаушы зауыт өз құрылғысына бірегей сәйкестендіру IMEI-кодын береді. Алайда, әлемдік тәжірибеде бірегей құрылғылардың пираттық нұсқаларын жасау жағдайлары кездеседі. Олар түпнұсқалық құрылғыға ұқсас емес IMEI-коды болуы мүмкін.
Байланыс операторларының желілерінде бір IMEI-коды бар абоненттік құрылғылар болуы мүмкін. Мұндай кодтар кездейсоқ немесе қайталанатын деп аталады. ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірегей емес IMEI-коды бар құрылғылар тіркеуге жатпайды. Бұл ретте, егер сіз мұндай құрылғыларды Kcell/activ желісінде бұрын тіркеген болсаңыз, олар жұмыс істейтін болады. Мұндай құрылғыларды тіркеуді алып тастағанда, сіз оларды одан әрі тіркей алмайсыз және оларды ҚР ұялы операторларының бірде-бір желісінде пайдалана алмайсыз.
Сондықтан мұндай құрылғыларды кейінгі пайдаланушыларға беру кезінде процедураларға сәйкес қайта тіркеуді жасауға кеңес береміз.
«Байланыс туралы» Заңға сәйкес абоненттер резидент үшін ЖСН/резидент емес үшін төлқұжат деректері бойынша өзінің абоненттік құрылғыларын (ұялы телефондар, планшеттер, модемдер, SIM-карталары бар сағаттар және т.б.) тіркеуге міндетті. Қазақстан аумағында роумингтегі M2M құрылғылары мен құрылғылар тіркеуге жатпайды.
Барлық абоненттерді өз мобильді құрылғыларын тіркеуге жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Ұялы байланыс операторларының тіркелмеген құрылғылар бойынша байланыс қызметтерін ұсынуға құқығы жоқ. Құрылғы тіркелмесе, «Байланыс туралы» Заңның талаптарына сәйкес байланыс қызметтері шектеледі.
Бұл нормалар телефон ұрлығының санын қысқарту үшін, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейту үшін қажет.
Абоненттік құрылығы тіркеу, сіз тіркеуге жататын құрылғы санына қарамастан тегін іске асырылады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің Мемлекеттік радиожиілік қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Заңнама талаптарына сәйкес Қазақстандағы ұялы телефонның барлық операторлары тіркелмеген абоненттік құрылғылар бойынша байланыс қызметін көрсетуге құқығы жоқ.
Заңды тұлғаға немесе ЖК-ге рәсімделген абоненттік нөмірлерді пайдаланатын абоненттік құрылғыларды тіркеу заңды тұлғаның БСН немесе ЖК ЖСН бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте корпоративтік нөмірге абоненттік құрылғыны тіркеу абоненттік құрылғыға меншік құқығын заңды тұлғаға немесе ЖК беру болып табылмайтынына назарыңызды аударамыз. Абоненттік құрылғыларды өздігінен тіркеуге қолжетімді болады. Бұл үшін корпоративтік нөмірлі құрылғыдан 6006 қысқа нөміріне компанияның БСН-мен не ЖК ЖСН-мен СМС жіберу керек немесе *660# USSD пәрменін, шақыру батырмасын теріп, ары қарай нұсқауларды орындау керек.
Бұл құрылғының IMEI-коды (әрбір абоненттік құрылғы үшін халықаралық идентификатор) қайталанған болып табылады. Байланыс операторларының желілерінде бір IMEI-коды бар абоненттік құрылғылар болуы мүмкін. Мұндай IMEI-кодтар кездейсоқ немесе қайталанатын деп аталады.
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірегей емес IMEI-коды бар құрылғылар тіркеуге жатпайды. Бұл ретте, егер сіз мұндай құрылғыларды Kcell/activ желісінде бұрын тіркеген болсаңыз, олар жұмыс істейтін болады.
Мұндай құрылғыларды тіркеуді алып тастағанда, сіз оларды одан әрі тіркей алмайсыз және оларды ҚР ұялы операторларының бірде-бір желісінде пайдалана алмайсыз. Сондықтан мұндай құрылғыларды кейінгі пайдаланушыларға беру кезінде процедураларға сәйкес қайта тіркеуді жасауға кеңес береміз.
Егер абоненттік нөмір осы нөмірмен тіркелмеген құрылғыда болатын болса, онда заңнама талаптарына сәйкес байланыс қызметі көрсетілмейді.
Егер бір абоненттік құрылғыда — екі нөмір болса, мысалы: оның біреуі жеке тұлғаға, екіншісі заңды тұлғаға немесе ЖК рәсімделген болса, онда осы абоненттік құрылғыда екі нөмір тіркеледі. Бір нөмірі жеке тұлғаға рәсімделген ЖСН, екінші нөмір заңды тұлғаға рәсімделген БСН немесе ЖК ЖСН.
Заңды тұлғаға немесе ЖК рәсімделген нөмірлер компанияның БСН немесе ЖК ЖСН автоматты түрде тіркеледі. Компанияның қызметкеріне тиесілі құрылғы оның ЖСН-не тіркелуі мүмкін. бұл үшін қызметкер оның ЖСН рәсімделген нөмірі бар сим картаны өзінің құрылғысына салып және осы құрылғыдан 6006 нөміріне өзінің ЖСН-ін жазып СМС жіберу керек немесе телефоннан *660# шақыру батырмасын теріп және одан әрі нұсқауларды орындау керек.
IMEI-коды бар барлық абоненттік құрылғылар тіркеуге жатады. Бұл абоненттік құрылғыларға мобильді телефондар, модемдер, планшеттер, роутерлер, SIM-карталы сағаттар және т.с. жатады. SIM-карталы машинааралық өзара әрекеттесу құрылғылары (автомобильдік дабыл құрылғылары, датчиктер, трекерлер, POS-терминалдар және басқалары) тіркеуге жатпайды.
Корпоративтік нөмірлері бар компанияға тиесілі осындай абоннеттік құрылғыларды тіркеу компанияның БСН немесе ЖК ЖСН автоматты түрде тіркеледі. Сонымен қатар, осы құрылғылар бойынша тіркеу 2019 ж. қаңтарда Корпоративті кабинетте байланысушы тұлға арқылы қол жетімді болады.
Егер мұндай құрылғылар компанияның қызметкеріне тиесілі болса, онда қызметкерлердің қосымша нөмірлеріне тіркеу мүмкін болады. Егер мұндай абоненттің құрылғысында sms немесе дауыстық хабарлама жіберу функциясы болмаса, онда Жеке кабинетте (ЖК) тіркелу қажет. Егер бұрын ЖК пайдаланбасаңыз, онда ең алдымен ЖК авторизациядан өту керек (Жеке кабинетте Келісімді қабылдауды растау). Бұл үшін сізге керек: жеке sim-картаны (қызметкерге рәсімделген нөмірімен) құрылғыдан (планшет, модем, роутер және т.с.), телефонға салыңыз. Телефоннан 245 нөміріне СМС жіберіңіз, құпиясөзді алыңыз және Жеке Кабинетте авторизациядан өтіңіз. ЖК авторизациядан өткеннен кейін осы симканы құрылғыға (планшет, модем, роутер және т.с.) салу керек. Содан кейін қайтадан Жеке Кабинетке кіріп құрылғыға (планшет, модем, роутер және т.с.) салынған нөмір бойынша тіркеуден өту керек.
Егер екі симкалы абоннеттік құрылғыда әртүрлі мобильді операторлардың екі SIM-картасы болса, онда бұл құрылғыны әрбір операторға тіркеу керек.
Кейбір екі симкалы абоненттік құрылғыларда бір немесе екі IMEI-код бар. IMEI нөмірін *#06# және қорапта, батареяның астындағы телефонның артқы панеліндегі шақыру батырмасын басып білуге болады.
Егер абоненттік құрылғыда бір IMEI болса, онда әрқайсысының слотында SIM карталарын салу жеткілікті және құрылғыны тіркеуге болады.
Егер абоненттік құрылғыда екі IMEI болса, онда әрбір слотқа кезекпен SIM-картаны салу керек және тіркеуді жүргізуге болады. Ең алдымен бірінші слотқа, мысалы, Kcell немесе Activ SIM-картасы салынады және тіркеледі, содан кейін осы слотқа басқа оператордың SIM-картасы салынады және ол да тіркеледі. Осыдан кейін Kcell немесе Activ SIM-картасы екінші слотқа қайта салынады және тіркеледі, осы әрекеттер оператор алгоритіміне сәйкес басқа оператордың SIM-картасымен орындалады.
Иә, әрбір операторға тіркелу қажет.
Ең алдымен компанияның БСН нөмірінен құрылғыны тіркеуден алу керек. Бұл үшін корпоративтік нөмірлі құрылғыдан 6006 қысқа нөміріне компанияның БСН-мен не ЖК ЖСН-мен СМС жіберу керек немесе *660# USSD пәрменін, шақыру батырмасын теріп, ары қарай нұсқауларды орындау керек.
Тіркеуден алғаннан кейін жеке тұлғаға рәсімделген нөмір бойынша құрылғыны тіркеу керек.
Жеке тұлғаның ЖСН-не рәсімделген нөмірді осы құрылғыға салып және 6006 нөміріне осы ЖСН-мен СМС жіберіп немесе телефонда *660# шақыру батырмасын теріп және одан әрі нұсқауларды орындай отырып, тіркелуден өту керек. Бұл ретте құрылғыда бірегей IMEI код болмаса, онда тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
1. Роумер — ҚР өз операторын пайдаланатын басқа мемлекеттің азаматы тіркеуге жатпайды.
2. Заңды тұлғаға/ЖК рәсімделген нөмірді пайдаланатын шетелдік азамат заңды тұлғаның БСН-на немесе ЖК ЖСН-на автоматты түрде тіркеледі.
3. ҚР-да сим картаны сатып алған және біздің оператордың қызметтерін пайдаланатын шетел азаматы құрылғыны тіркеу керек:
- «Егер Сізде ЖСН бар болса, онда USSD/SMS арқылы тіркелуге болады».
- "ЖСН жоқ шетелдік азаматтар үшін тіркелу төлқұжат бойынша жүзеге асырылады.
Мәзір — *660# және қоңырау шалу түймесі
Тіркеу — *660*1# және қоңырау шалу немесе *660*1*ЖСН# және қоңырау шалу батырмасы
Тіркеуді тексеру — *660*2#
Қайта тіркеу — *660*3#
Тіркеуді алу — *660*4#
Егер компанияның бірнеше корп. нөмірлері болса және осы корп. нөмірлерді әртүрлі құрылғылар пайдаланатын болса, онда компанияның 1 БСН нөміріне осы БСН нөміріне рәсімделген нөмірлер бойынша барлық құрылғыларды тіркеуге болады.
Жоқ, керек емес. Тек абоненттік құрылғылар ғана тіркеуге жатады. Абоненттік құрылғыларға мобильді телефондар, модемдер, планшеттер, роутерлер, сим-карталы сағаттар және т.с.с. жатады. Сим картасы бар машинааралық өзара әрекеттестік құрылғылары (автомобильдік дабыл құрылғылары, датчиктер, трекерлер, POS-терминалдар және басқалары) тіркеуге жатпайды.
Жоқ, керек емес. IMEI-коды бар абоненттік құрылғылар ғана тіркеуге жатады. Абоненттік құрылғыларға мобильді телефондар, модемдер, планшеттер, роутерлер,сим-карталы сағаттар және т.с.с. жатады. Сим картасы бар машинааралық өзара әрекеттестік құрылғылары (автомобильдік дабыл құрылғылары, датчиктер, трекерлер, POS-терминалдар және басқалары) тіркеуге жатпайды.
Иә, тіркеу еншілес компанияның БСН нөміріне жүргізіледі.
Иә, құқық қорғау органдары. Ұйым сондай-ақ Кселл АҚ-қа жаза алады.
Иә.
Абоненттік құрылғыларды тіркеу қағидаларына (2-тарау 4-тармақ) сәйкес , бұрын тіркелмеген және ҚР-ның аумағынан тыс жерде роумингте тұрған абоненттік құрылғылар тіркелуге жатпайды. Бұл егер Сіз роумингте сим-картаңызды бұрын осы сим-картамен тіркелмеген басқа құрылғыға салатын болсаңыз, онда құрылғының жұмыс істейтінін білдіреді.
ҚР аумағына оралғанда, тіркелмеген құрылғы тіркеген кезге дейін бұғатталады.