«Барыс» интернет-топтамалары
  Барыс 5 Барыс 10 Барыс 20 Барыс 30 Барыс 40 Барыс 50 Барыс Unlim
ГБ 5* 10* 20* 30* 40* 50* Unlim**
Ай сайынғы абоненттік төлем, тг, ҚҚС есебімен 1490 1990 2490 3190 4190 7490 12990
Абоненттік төлем алынбаған кездегі тариф, тг/МБ 2 2 2 2 2 2 2

Қызмет көрсету жылдамдығы

«Барыс» интернет-топтамалары (бұдан әрі - Топтама/Топтамалар) бойынша трафиктің қосылған көлемі барынша қолжетімді жылдамдықта ұсынылады және күнтізбелік айдың соңына дейін қолданылады, ауыстырылмайды және жинақталмайды.

*Топтама бойынша ең жоғары қолжетімділіктегі жылдамдықпен қамтылған трафик көлемінен асқан жағдайда келесі трафик 64 Кбит-ке дейінгі жылдамдықта беріледі. Жылдамдық кезекті абоненттік төлемді есептен шығарғаннан кейін қалпына келеді.

**Топтамада барлық абоненттерді қызметтердің ең жақсы сапасымен қамтамасыз ету және желі жұмысының бұзылуын болдырмау мақсатында Қызметтерді әділ және адал пайдалану саясаты қолданылады. 500 ГБ пайдаланғаннан кейін жылдамдық 1,5 Мбит/сек дейін төмендейді. Жылдамдық кезекті абоненттік төлемді есептен шығарғаннан кейін қалпына келеді.

Абоненттік төлемнің алынуы және интернет-трафикті беру

Топтаманы қосқан кезде абоненттік төлем күнтізбелік айдың соңына дейін қалған күндердің санына барабар мөлшерде (қосылу күнін қоса алғанда) және содан кейін Астана қаласының уақыты бойынша айдың әрбір 1-күні сағат 00: 00-ден кейін (алыну кезеңі өзгеруі және бірнеше сағатқа жетуі мүмкін) теңгерімде жеткілікті сома немесе несиелік лимит болған жағдайда ғана толық көлемде алынады. Теңгерім немесе неселік лимит жетіспеген жағдайда Топтама қосылмайды не Топтама бойынша кезекті абоненттік төлем алынбайды және қызметтерді тарифтеу абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтер бойынша жүзеге асырылатын болады. Егер абоненттік төлем айдың 1-ші күнінен кейін алынса, онда абоненттік төлем мөлшері Топтаманы алғаш қосқандағыдай айда қалған күндер санына байланысты болады. Егер айдың бір күнінде теңгерім сомасы айдың қалған күндері үшін абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті мөлшерге жетсе, онда абоненттік төлем автоматты түрде алынады. Абоненттік төлем алынған кезде Топтамамен қамтылған қызметтердің көлемі толық мөлшерде беріледі.

Топтама бойынша абоненттік төлемге енгізілген белсенді интернет-сессия кезінде берілген бонустық интернет-трафик жарамды болмайды. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректердің берілуін өшіріп-қосып), интернетті пайдалануды трафик берілгеннен кейін қайта бастау ұсынылады.

Топтаманы ағымдағы есептік кезең (ай) аяқталғанға дейін ауыстырған/өшірген жағдайда шарттарға сәйкес берілген қызметтер көлемі абонентке ағымдағы есептік кезеңнің (айдың) соңына дейін қолжетімді болады. Қалған интернет-трафикті *100#ОК

Қосылу және өшіру шарттары

Топтамаларды шарттарында кейіннен қол жеткізу жылдамдығын төмендете отырып, интернет-трафик беру көзделмеген кез келген тарифтік жоспары бар абоненттер қоса алады.

Топтамалар аванстық және кредиттік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттерге қолжетімді.

Топтаманың бір ғана түрін қосуға болады, бір уақытта бірнеше Топтаманы қосуға болмайды. Топтаманың басқа түрін қосқан кезде ағымдағы Топтама (бар болса) өшіріледі.

Абоненттерге арналған Топтаманы қосу және өшіру Абоненттердің Бизнес нарықты дамыту департаментінің қызметкерлеріне, сондай-ақ корпоративтік Кабинетте тиісті өтінішпен жүгінулері арқылы жүзеге асырылады.

Қосымша

Топтамалар роумингте әрекет етпейді.

Топтамаларды «Шектеусіз интернет» және «Интернет+» қосымша қызметтерімен бір уақытта қосу мүмкін емес. Топтаманы іске қосқан кезде ағымдағы қосымша «Шектеусіз Интернет» және «Интернет+» (бар болса) қызметтері өшіріледі.

Топтамаларды шарттары кейіннен қол жеткізу жылдамдығын төмендете отырып, интернет-трафик беруді көздейтін тарифтік жоспарларды, сондай-ақ абоненттік құрылғыларды сатып алу бойынша науқандарды пайдаланатын абоненттер қоса алмайды.

Осы үйлесімділік талаптарын Компания өзгерте немесе толықтыра алады.

Қосымша топтама атауы

Қосымша топтама көлемі

Қосылу құны*, теңге, ҚҚС есебімен

USSD-мәзір арқылы қосылу амалы

5 ГБ

5 ГБ

1690

*590#OK

10 ГБ

10 ГБ

2490

*590#OK

20 ГБ

20 ГБ

3990

*590#OK

50 ГБ

50 ГБ

7990

*590#OK

Қосымша топтаманы қосу құны (бұдан әрі - турбо-трафик) оны белсендірген сәтте толық көлемде алынады. Егер теңгерімдегі қаражат жеткіліксіз болса, турбо-трафик қосылмайды.

Турбо-трафиктің әрекет ету мерзімі — қосылған сәттен бастап 720 сағат (Астана қ. уақытымен 23:59 дейін).

Бір уақытта бірнеше турбо-трафикті қосуға болады, бұл ретте алдымен жарамдылық мерзімі ең аз турбо-трафик жұмсалады. Турбо-трафик ең жоғары қолжетімді жылдамдықты ұсынылады. Топтама бойынша жұмсалмаған көлем болған жағдайда алдымен турбо-трафик, содан кейін Топтама бойынша көлем жұмсалатын болады. Турбо-трафик бойынша да, Топтама бойынша да интернет-трафик таусылған кезде интернет жылдамдығы қосылған Топтама бойынша жылдамдықты төмендету шарттарына сәйкес төмендетілетін болады.

Турбо-трафик бойынша жұмсалмаған қызметтердің көлемі келесідей ретте жойылады:

  • турбо-трафиктің әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда;
  • Топтама өшіріліп, тарифтік жоспардың басқа тарифтік жоспарға ауысқан жағдайында*;
  • байланыс қызметтерін көрсету шартының бұзылған жағдайында.

*сіз ауысқан тарифтік жоспарда ұқсас қосымша топтамалар қолданылатын жағдайлардан басқа.

Турбо-топтамаларға 2024ж. 31 желтоқсанға дейін қосылуға болады.

Интернет топтамалары «Интернет+»
  Интернет 5 Интернет 7 Интернет 10 Интернет 20 Интернет 30 Интернет 40 Интернет 50 Интернет 100 Интернет 200 Интернет 400
ГБ* 5 7 10 20 30 40 50 100 200 400
Ай сайынғы абоненттік төлем 1190 1390 1590 2390 3390 4390 6690 12990 22990 39990
Абоненттік төлем алынбағанда, 1 МБ үшін тариф 5 5 5 5 5 5 5 5 5 5

Жылдамдығы қызметі

Топтама бойынша ең жоғары қолжетімді жылдамдықта трафиктің қосылған көлемінен асқанда, келесі трафик күнтізбелік айдың аяғына дейін, 64 Кбит/с (= до 8 Кбайт/с) дейінгі жылдамдықта ұсынылады.

Ең жоғары жылдамдықта трафиктің қосылған көлемі күнтізбелік айдың аяғына дейін жарамды, жиналмайды және ауыспайды.

Абоненттік төлемді есептен шығару

Топтамалар үйлесімділік шарттарына сәйкес есеп айырысудың алғытөлемдік және несиелік тәртіптерімен кез келген тарифтік жоспарларды пайдаланатын Абоненттерге қосу үшін қолжетімді. Топтаманы қосқанда, абоненттік төлемді алу үшін теңгерімде қаражат немесе несиелік лимит жеткіліксіз болған жағдайда, Топтама қосылады, ал мобильді интернет абоненттік төлемді алмау үшін көзделген тарифтер бойынша тарифтеледі.

Топтаманы қосқан кезде абоненттік төлем күнтізбелік айдың соңына дейін қалған күндердің санына барабар мөлшерде (қосылу күнін қоса алғанда) және содан кейін Астана қаласының уақыты бойынша айдың әрбір 1-күні сағат 00: 00-ден кейін (алыну кезеңі өзгеруі және бірнеше сағатқа жетуі мүмкін) теңгерімде жеткілікті сома немесе несиелік лимит болған жағдайда ғана толық көлемде алынады. Теңгерім немесе неселік лимит жетіспеген жағдайда Топтама қосылмайды не Топтама бойынша кезекті абоненттік төлем алынбайды және қызметтерді тарифтеу абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтер бойынша жүзеге асырылатын болады. Егер абоненттік төлем айдың 1-ші күнінен кейін алынса, онда абоненттік төлем мөлшері Топтаманы алғаш қосқандағыдай айда қалған күндер санына байланысты болады. Егер айдың бір күнінде теңгерім сомасы айдың қалған күндері үшін абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті мөлшерге жетсе, онда абоненттік төлем автоматты түрде алынады. Абоненттік төлем алынған кезде Топтамамен қамтылған қызметтердің көлемі толық мөлшерде беріледі.

Сондай-ақ, топтамалар кез келген теңгерімі бар абоненттерге қосу үшін қолжетімді. Абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тарифтеу абоненттік төлем алынбағанда көзделген тарифтер бойынша жүргізіледі.

Интернет-трафиктің қалған көлемін тексеру *123*3#OK тіркестерін теру арқылы жүргізіледі.

Топтама бойынша абоненттік төлемге енгізілген белсенді интернет-сессия кезінде берілген бонустық интернет-трафик жарамды болмайды. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректердің берілуін өшіріп-қосып), интернетті пайдалануды трафик берілгеннен кейін қайта бастау қажет.

Қосылу мен Сөндіру шарттары

Қызмет мұрағаттық болып табылады, қосылу жабық.

Қосымша

Топтама роуминте жарамсыз.

«Лимитсіз интернет»

 

Бір уақытта қосу қолжетімсіз.

 

«Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернет», «Тоқсандық интернет»

 

Бір уақытта қосу мүмкін емес.

 

Тарифтік жоспарлар «Мәртебе»

 

Ең алдымен тарифтік жоспар бойынша, одан кейін Топтама бойынша интернет-трафик жұмсалады, тарифтік жоспар бойынша да, Топтама бойынша да, интернет-трафик біткенде, айдың аяғына дейін кіру жылдамдығы 64 кбит/сек-тен аспайды.

 

Тарифная линейка «Алға», «Карт Бланш+», «Бизнес Класс», «Premier», «Workmate», «All-in»

 

Бір уақытта қосу мүмкін емес.

 

«Мобильді интернет+»

 

Ең алдымен Мобильді интернет плюс қызметі бойынша, одан кейін Топтама бойынша интернет-трафик жұмсалады. Мобильді интернет плюс қызметі бойынша да, Топтама бойынша да интернет-трафик біткенде, айдың аяғына дейін, кіру жылдамдығы 64 кбит/сек-тен аспайды.

 

Мәртебе тарифтік жоспарларын пайдаланушылар үшін «1ГБ», «3ГБ», «5ГБ», «10ГБ» қосымша топтамалары

 

Бір уақытта қосу мүмкін емес.

 

Келісімшарттық телефон

 

Келісімшарттық кезең ішінде бір уақытта қосу мүмкін емес

 

Топтама

Топтама құны*, ҚҚС-мен теңге

USSD-мәзірі арқылы қосу амалы

Трафиктің қалдығын тексеру

5 ГБ

1690

*590#OK

*123*3#

10 ГБ

2490

*590#OK

*123*3#

20 ГБ

3990

*590#OK

*123*3#

50 ГБ

7990

*590#OK

*123*3#

Топтаманы қосқанда алдымен топтама бойынша қызметтер көлемі, содан кейін Қызметтердің Қосымша топтамасы бойынша трафик жұмсалады.

Төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда Қосымша топтама қосылмайды.

Топтаманың әрекет ету мерзімі - 30 күн. Топтама бойынша қызметтердің жұмсалмаған көлемі топтаманың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін жойылады.

Бір уақытта бірнеше топтаманы қосуға болады, бұл ретте алдымен жарамдылық мерзімі ең аз трафик жұмсалады.

Қосымша топтамаларға 2024 жылғы 31 наурызға дейін қосылуға болады.

Компания осы үйлесімділік шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады.