Корпоративтік клиенттерге арналған Nomad тарифі

«Nomad» тарифімен бизнесіңізді 5G жылдамдығында дамытыңыз

5G желісіндегі Интернет-топтаманы екі еселеу

Тарифтік жоспар құрамындағы қолжетімді роуминг

Әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге шектеусіз

Nomad Standard

3100 ₸/ай

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар шектеусіз

Басқа ұялы операторларыға шығыс қоңыраулар 110 мин

11 ГБ мобильді интернет

11 ГБ интернета в сети 5G

Nomad Middle

4500 ₸/ай

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар шектеусіз

Басқа ұялы операторларыға шығыс қоңыраулар 180 мин

Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге шығыс қоңыраулары 18 мин

Қазақстан бойынша барлық ұялы операторларға SMS 50 SMS

18 ГБ мобильді интернет

5G желісіндегі мобильді интернет 18 ГБ

Nomad Senior

5700 ₸/ай

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар шектеусіз

Басқа ұялы операторларыға шығыс қоңыраулар 300 мин

Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге шығыс қоңыраулары 30 мин

Қазақстан бойынша барлық ұялы операторларға SMS 100 SMS

30 ГБ мобильді интернет

5G желісіндегі мобильді интернет 30 ГБ

Халықаралық бағыттарға шығыс қоңыраулары 10 мин

Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE/WAP) 100 МБ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Nomad Grand

7500 ₸/ай

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар шектеусіз

Басқа ұялы операторларыға шығыс қоңыраулар 500 мин

Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге шығыс қоңыраулары 50 мин

Қазақстан бойынша барлық ұялы операторларға SMS 200 SMS

50 ГБ мобильді интернет

5G желісіндегі мобильді интернет 50 ГБ

Халықаралық бағыттарға шығыс қоңыраулары 30 мин

Роумингтегі ҚР-ға кіріс қоңыраулары және шығыс қоңыраулары 30 мин

Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE/WAP) 550 МБ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Nomad Super

10500 ₸/ай

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар шектеусіз

Басқа ұялы операторларыға шығыс қоңыраулар 700 мин

Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге шығыс қоңыраулары 70 мин

Қазақстан бойынша барлық ұялы операторларға SMS 200 SMS

100 ГБ мобильді интернет

5G желісіндегі мобильді интернет 100 ГБ

Халықаралық бағыттарға шығыс қоңыраулары 60 мин

Роумингтегі ҚР-ға кіріс қоңыраулары және шығыс қоңыраулары 60 мин

Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE/WAP) 1024 МБ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Nomad Unlim

14500 ₸/ай

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар шектеусіз

Басқа ұялы операторларыға шығыс қоңыраулар 1000 мин

Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге шығыс қоңыраулары 100 мин

Қазақстан бойынша барлық ұялы операторларға SMS 200 SMS

5G желісіндегі мобильді интернет Unlim

Халықаралық бағыттарға шығыс қоңыраулары 100 мин

Роумингтегі ҚР-ға кіріс қоңыраулары және шығыс қоңыраулары 100 мин

Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE/WAP) 2048 МБ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Толық шарттары


Тарифтік жоспар бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасының қолданылуы туралы

Қызметтер топтамасы оны қосу күніне тәуелсіз күнтізбелік айдың соңына дейін жарамды.

Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамалары абоненттік төлем алынған жағдайда ғана беріледі.

Тарифтік жоспарды ағымдағы есептік кезең (ай) аяқталғанға дейін ауыстырған/өшірген жағдайда шарттарға сәйкес берілген қызметтер көлемі абонентке ағымдағы есептік кезеңнің (айдың) соңына дейін қолжетімді болады.

Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемге енгізілген белсенді интернет-сессия кезінде берілген бонустық интернет-трафик жарамды болмайды. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректердің берілуін өшіріп-қосып), интернетті пайдалануды трафик берілгеннен кейін қайта бастау ұсынылады.

Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасының көлемі асып кеткен жағдайдағы көрсетілетін қызметтер құны (ҚҚС)

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар – 0тг/мин
Корпоративтік топ ішіндегі қоңыраулар – 0тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға қоңыраулар – 18тг/мин
ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар -  25тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға SMS – 18тг
Мобильді интернет (GPRS/EDGE) – жылдамдық 256 Кбит/сек дейін төмендейді. Nomad Unlim тарифтік жоспарының топтамасы шеңберінде 200 ГБ трафик шегіне жеткен кезде интернет жылдамдығы 256 Кбит/с-қа дейін төмендейді.

Абоненттік төлем алынбаған кездегі қызмет құны (ҚҚС-пен)

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар – 18тг/мин
Корпоративтік топ ішіндегі қоңыраулар – 18тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға қоңыраулар – 18тг/мин
ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар -  25тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға SMS – 18тг
Мобильді интернет (GPRS/EDGE) – 2 тг/Мб

Халықаралық бағыттарға қоңыраулар - стандартты тариф
Роумингтегі шығыс және кіріс қоңыраулар - стандартты тариф
Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE) - стандартты тариф

Қызметтердің топтамаларын тексеру

Минуттар, интернет пен SMS топтамасының қалдығын тексеру үшін *100#ОК комбинациясын теріңіз

Абоненттік төлем қашан алынады

Тарифтік жоспарды қосқан кезде абоненттік төлем күнтізбелік айдың соңына дейін қалған күндердің санына барабар мөлшерде (қосылу күнін қоса алғанда) және содан кейін Астана қаласының уақыты бойынша айдың әрбір 1-күні сағат 00: 00-ден кейін (алыну кезеңі өзгеруі және бірнеше сағатқа жетуі мүмкін) теңгерімде жеткілікті сома немесе несиелік лимит болған жағдайда ғана толық көлемде алынады. Теңгерім немесе неселік лимит жетіспеген жағдайда Тарифтік жоспар қосылмайды не Тарифтік жоспар бойынша кезекті абоненттік төлем алынбайды және қызметтерді тарифтеу абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтер бойынша жүзеге асырылатын болады. Егер абоненттік төлем айдың 1-ші күнінен кейін алынса, онда абоненттік төлем мөлшері тарифтік жоспарды алғаш қосқандағыдай айда қалған күндер санына байланысты болады. Егер айдың бір күнінде теңгерім сомасы айдың қалған күндері үшін абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті мөлшерге жетсе, онда абоненттік төлем автоматты түрде алынады. Абоненттік төлем алынған кезде тарифтік жоспармен қамтылған қызметтердің көлемі толық мөлшерде беріледі.

Роумингтегі және халықаралық бағыттағы елдер

Кестеде көрсетілген халықаралық бағыттарға шығыс қоңырауларға минут топтамалары келесі елдер үшін қолданылады: Австрия, Канада, Қытай (Гонконгті қоспағанда), Чехия, Германия, Греция, Үндістан, Польша, Испания, Түркия, АҚШ, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Ресей (Қырымды қоспағанда), Өзбекстан, Австралия, Хорватия, Венгрия, Израиль, Италия, Люксембург, Румыния, Словакия, АҚШ, Шри-Ланка.

Қазақстанға шығыс қоңырауларға және роумингке кіріс қоңырауларға минут топтамалары келесі елдерде әрекет етеді: Австралия, Австрия, Әзербайжан, Албания, Аргентина, Армения, Бахрейн, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Венгрия, Вьетнам, Гана, Германия, Гонконг, Грекия, Грузия, Дания, Мысыр, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Люксембург, Макао, Малайзия, Мальта, Мексика, Молдова, Моңғолия, Непал, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Құрама Штаттар, Тәжікстан, Таиланд, Тайвань, провинция, Түркия, Өзбекстан, Украина, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чех Республикасы, Чили, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Оңтүстік Африка, Корея Республикасы, Жапония, Ұлыбритания.

Халықаралық бағыттарға шығыс қоңыраулардың минуттар топтамасы роумингте қолданылмайды. Тариф премиум бағыттарғаспутниктік бағыттарға және роумингтің ерекше түрлеріне қолданылмайды. Минуттар жерсеріктік және премиум бағыттарға қоңырау шалу үшін қолданылмайды. Стандартты тарифтер, халықаралық қоңыраулар мен роумингтегі қоңырауларға науқандық ұсыныстар  www.b2b.kcell.kz сайтында көрсетілген.

Әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге шектеусіз

Мессенджерлерге (telegram/imo, whatsapp, viber) және әлеуметтік желілерге (instagram, odnoklassniki, vkontakte, facebook, pinterest, twitter) шектеусіз:

- тариф бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда: теңгерімде тариф бойынша интернет-трафик көлемінің оң қалдығы болған жағдайында (0 КБ-тан артық) Қосымша топтамалар мен қызметтер бойынша трафик есепке алынбайды. 

Қол жеткізу жылдамдығы - 1,5 Мбит/сек дейін.

Браузерлерді пайдалану, push-хабарламаларды алу (оның ішінде әлеуметтік желілердегі оқиғалар туралы хабарламаларды алу), бағдарламалық жасақтаманың автоматты түрде жаңартылуы немесе орнатылған басқа қолданбалардың аялық жұмысы, басқа ресурстарға сілтемелерді, баннерлік жарнаманы, техникалық трафикті пайдалану, Google Play, App Store дүкендерінен қолданбаларды жүктеу, приваттық көру режимін пайдалану, смартфонды модем режимінде пайдалану, VPN-арналарды, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді пайдалану арқылы қоңырау шалу кезінде интернет-трафик тариф бойынша негізгі қызметтер топтамасынан, бар болған жағдайда, қосымша интернет-топтамалардан жұмсалады, ал олар таусылған немесе болмаған жағдайда, интернетке қолжетімділік тарифке қосылған қызметтердің көлемінен асқан жағдайларда қолданылатын тариф бойынша тарифтеледі (сіздің бұған келісіміңіз болған жағдайда). Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасынан тыс тарифтеуге келісім болмаған жағдайда, тариф бойынша абоненттік төлем алынғанға, қосымша интернет-топтаманы қосқанға немесе тариф бойынша топтамадан тыс тарифтеуге келісім берілгенге дейін мобильді интернет қызметіне тұтастай қол жеткізу бұғатталады (және тарифтелмеуі тиіс).

Қызметтер роумингте жарамсыз, басқа тарифтік жоспарға ауысқан кезде өшіріледі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге шектеусіздік науқандық ұсыныс болып табылады және Nomad тарифтік желісінің абоненттеріне 31.12.2024 жылға дейін ұсынылады.

Басқа Kcell қызметтерімен үйлесімдік шарттары

Тарифтік жоспарларға қосылу Абонентте абоненттік құрылғыларды сатып алу жөніндегі науқандар бойынша қолданыстағы келісім болғанда қолжетімді болмайды.

Тарифтік жоспарларды қосымша интернет-қызметтермен бір уақытта қосу мүмкін емес: «Интернет+».

 Тарифтік жоспарлар «Business Travel», «Бизнес планета» қосымша қызметімен бір уақытта қосыла алады. Бiрiншi кезекте Тарифтiк жоспарлар бойынша, содан кейiн қосымша қызметтер бойынша қызметтердiң қосылған көлемi жұмсалатын болады. Тарифтік жоспарларды «Big Box 1», «Big Box 2» қосымша қызметтерімен бір уақытта қосуға болады. Бiрiншi кезекте Тарифтiк жоспарлар бойынша, содан кейiн қосымша қызметтер бойынша қызметтердiң қосылған көлемi жұмсалатын болады.

Тарифтік жоспар бойынша роумингте интернет-трафиктің енгізілген көлемі болған жағдайда алдымен тариф бойынша интернет-трафик жұмсалатын болады, содан кейін «Атлас Pro» қызметі бойынша тарифтеу қолданылады (нөмірге роумингтегі басқа қызметтер қосылмаған жағдайда).

Осы үйлесімділік талаптарын Компания өзгерте немесе толықтыра алады.

Басқа шарттар

Аталған тарифтер ҚР аумағында роумингтегі қоңырауларды қоспағанда, компанияның қамту аймағында қолданылады. Абонент пайдаланатын басқа да қызметтерді тарифтеу оларды пайдаланған кезде қолданылатын тарифтер бойынша жүргізіледі. Қоңырауды қосу ұзақтығы - 150 минут.

5G желісіне трафиктің бонустық топтамасын пайдаланудың басымдығы негізгі топтаманы жұмсау басымдығынан жоғары. Трафиктің негізгі топтамасы таусылғаннан кейін екі топтама бойынша да (негізгі топтама , 5G бонустық топтамасы) жылдамдық 256 кбит/с дейін төмендейді.

Корпоративтік топ - Корпоративтік абонентке (байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) ресімделген абоненттік нөмірлердің біріктірілген тобы.

Қосымша топтамалар

Қосымша топтамаларды қосу пәрмені *590#OK. Қосымша топтама бойынша қалдықты білу үшін *100#OK пәрменін теріңіз.

Басқа мобильді операторларға ҚР бойынша қоңыраулар:

  • 960 теңгеге 70 минут
  • 1460 теңгеге 120 минут

Интернет топтамалар:

  • 1690 теңгеге 5 ГБ
  • 2490 теңгеге 10 ГБ
  • 3990 теңгеге 20 ГБ
  • 7990 теңгеге 50 ГБ

Қосымша топтаманы қосу құны оны белсендірген сәтте толық көлемде алынады. Егер теңгерімдегі қаражат жеткіліксіз болса, топтама қосылмайды.

Қосымша топтаманың әрекет ету мерзімі — қосылған сәттен бастап 720 сағат (Астана қ. уақытымен 23:59 дейін).

Қосымша топтама бойынша жұмсалмаған қызметтердің көлемі келесідей ретте жойылады:

- қосым топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда;
- тарифтік жоспардың басқа тарифтік жоспарға ауысқан жағдайында*;
- байланыс қызметтерін көрсету шартының бұзылған жағдайында.

* сіз ауысқан тарифтік жоспарда ұқсас қосымша топтамалар қолданылатын жағдайлардан басқа.

Қосымша интернет-топтама барынша қолжетімді жылдамдықта ұсынылады. Тарифтік жоспар бойынша жұмсалмаған көлем болған кезде бірінші кезекте қосымша топтама, одан кейін тарифтік жоспар бойынша көлем жұмсалатын болады. Қосымша топтама бойынша да, тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған кезде айдың соңына дейін жылдамдық 256 Кбит/сек аспайды.

Егер тарифтік жоспар мен қосымша топтама бойынша қызметтер көлемі болса, онда абоненттік төлем алынған кезде алдымен қызметтердің қосымша топтамасы жұмсалады. Бірнеше қосымша топтаматерды қосқан кезде алдымен қолданылу мерзімі аз қызметтердің қосылған көлемі жұмсалады.

Қоңырау шалу үшін қосымша топтамалар таусылған жағдайда тарифтеу тарифке сәйкес болады.

Қосымша топтамаларға 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қосылуға болады.

Тарифті қалай қосуға болады

Тарифтік жоспарды тек корпоративтік абоненттер, атап айтқанда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғана қоса алады. Компанияны тарифтік жоспарға қосу үшін уәкілетті тұлға төменде көрсетілген тәсілдердің бірін таңдауы қажет:

- өтінімді толтыру;
- email@kcell.kz мекенжайына өтінім жолдау;
- өзінің сауда өкіліне жүгіну;
- Kcell мобильді нөмірінен 9099 нөміріне хабарласу.

Абонент кез келген сәтте оны қосу шарттарына сәйкес ғана осы тарифтік желіге кірмейтін бір тарифті екіншісіне ауыстыра алады.