Қосу үшін 0 теңге
Көп арналы нөмір
Қоңырауларды ақылмен бөлу
Қызмет көрсету сапасын бағалау және CRM біріктіру
Кез келген келесі құрылғылардан қоңыраулар: мобильді және стационарлық телефондар, компьютерлер
Қарапайым және ыңғайлы баптау
Қызметтердің қолжетімді топтамалары
1 виртуалды нөмір
5 пайдаланушыға дейін
3 виртуалды нөмір
15 пайдаланушыға дейін
5 виртуалды нөмір
30 пайдаланушыға дейін
Бұл қалай жұмыс істейді
1
Нөмір санымен топтаманы таңдаңыз.
2
Тарифтік жоспарды таңдаңыз. Ол үшін өтінім қалдырыңыз және 5869 немесе +77272584774 нөмірлеріне хабарласыңыз.
3
Келісімшарт мерзімі ішінде ай сайынғы абоненттік төлемді төлеп, қызметтер топтамасын алыңыз.
Жеке кабинетте ыңғайлы басқарыңыз
Жай-жапсарлары
Қосу тек корпоративтік абоненттерге, яғни заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ғана қолжетімді. Қосу үшін:
- өтінім толтыру керек;
- pc@kcell.kz адресіне сұраным жазу керек;
- өзінің сауда өкіліне хабарласу керек;
- мобильді телефоннан 5869 нөміріне хабарласу керек.
Қосымша нөмір немесе пайдаланушы үшін абоненттік төлем – 1 000 теңге.
Абоненттік төлем, Тарифтік жоспарды қосу немесе өшіру күніне тәуелсіз, есептік кезеңнен кейінгі әрбір айдың 1 күні алынады. Абоненттік төлемге Қазақстан бойынша барлық ұялы операторлардың нөмірлеріне қоңырау шалуға минуттардың ай сайынғы топтамасының құны қосылған. Тарифтік жоспар айдың 1 күні қосылмағанда, абоненттік төлем алынбайды, Қазақстан бойынша ұялы операторлардың нөмірлеріне қоңырау шалуға минуттардың ай сайынғы топтамасы берілмейді, осы айда пайдаланылатын қызметтерді тарифтеу кестеде көрсетілген тарифтер бойынша жүргізіледі. Тарифтер ҚҚС-ны есепке алғанда теңгемен көрсетілген.
- Офистік АТС сатып алуыңыздың және оған қызмет көрсететін штаттық инженердің қажеті жоқ.
- Офистік АТС функцияларынан басқа, мобильді телефондар мен софтфондарды қосу мүмкіндігі бар.
- Жаңа офиске көшкен жағдайда, сізге кабельдерді қайта жүргізіп, нөмірлерді ауыстырудың қажеті жоқ. Терминалдарды Интернетке қоссаңыз болғаны, барлығы жұмыс істейді.
- Виртуалды нөмірлер бірнеше жұмыскерлердің бір уақытта қоңыраулар қабылдауына және қоңыраулар шалуына мүмкіндік береді. Сіздің жұмыскерлер штатыңыз ұлғаятын болса, сіздің қымбат тұратын жабдықтарды сатып алуыңыздың қажеті жоқ, қызмет оңай түрде кеңейтіледі.
- Сіз жеке кабинетке веб-қолжетімділік аласыз, қызмет баптауларын өзіңіз басқара аласыз.
Виртуалды АТС кез келген бизнеске, әсіресе риэлтерлік агенттіктерге, интернет-дүкендерге, бөлшек саудаға, мейрамханаларға, кафелерге, сұлулық салондарына, медициналық мекемелерге, қаржы ұйымдарына, анықтама қызметтеріне, туристік агенттіктерге және басқа ұйымдарға лайықты.
Виртуалды АТС-тен қоңыраулар компанияның жұмыс кестесіне байланысты таратылатын болады. Сізде клиенттің уақытты жоғалтпай, өзіне керекті тұлғамен дереу хабарласуы үшін бөлім нөміріне немесе жұмыскердің ішкі нөміріне бағыттау мүмкіндігімен дауыстық меню қосылады.
Сіз бірде бір клиентті жоғалтпайсыз! Стационарлық телефон жауап бермейтін болса, қоңырау мобильді телефонға бағытталады, ал қажет болғанына қарай қоңырау дауыстық поштаға бағытталады.
Қызметтер мен тарифтер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша сауда өкіліне хабарласу қажет:
5869 — Kcell/activ® абоненттері үшін (тегін) · 8(727)2584774 — қалалық нөмірден