Корпоративтік клиенттерге арналған All-in тарифі
Мұрағаттық тариф. Қосылу жабық.
All-in 3200
3200 ₸/ай
20 ГБ интернет-трафик
ҚР бойынша басқа желілерге қоңырауларға 400 минут
activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 400 SMS
All-in 4700
4700 ₸/ай
25 ГБ интернет-трафик
ҚР бойынша басқа желілерге қоңырауларға 500 минут
activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 500 SMS
халықаралық қоңырауларға30 минут
All-in 6200
6200 ₸/ай
25 ГБ интернет-трафик
ҚР бойынша басқа желілерге қоңырауларға 700 минут
activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 700 SMS
халықаралық қоңырауларға 40 минут
All-in 8200
8200 ₸/ай
25 ГБ интернет-трафик
ҚР бойынша басқа желілерге қоңырауларға 1000 минут
activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 1000 SMS
халықаралық қоңырауларға60 минут
All-in 11200
11200 ₸/ай
30 ГБ интернет-трафик
ҚР бойынша басқа желілерге қоңырауларға 1500 минут
activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 1500 SMS
халықаралық қоңырауларға60 минут
Роумингте ҚР-дан кіріс қоңырауларға 60 мин
All-in 16200
16200 ₸/ай
30 ГБ интернет-трафик
ҚР бойынша басқа желілерге қоңырауларға 3000 минут
activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 3000 SMS
халықаралық қоңырауларға90 минут
Роумингте ҚР-дан кіріс қоңырауларға 90 мин
Толық шарттары
Тарифті қалай қосуға болады
Тарифтік жоспарды тек корпоративтік абоненттер, атап айтқанда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғана қоса алады. Компанияны тарифтік жоспарға қосу үшін уәкілетті тұлға төменде көрсетілген тәсілдердің бірін таңдауы қажет:
- өтінімді толтыру (беттің төменгі жағында);
- email@kcell.kz мекенжайына өтінім жолдау;
- өзінің сауда өкіліне жүгіну;
- Kcell мобильді нөмірінен 9099 нөміріне хабарласу.
Тарифтерге 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қосылуға болады. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тарифті қосқан абоненттер оны басқа тарифті қосқанға дейін немесе ағымдағы тариф жойылғанға дейін пайдалана алады.
Абонент кез келген сәтте оны қосу шарттарына сәйкес ғана осы тарифтік желіге кірмейтін бір тарифті екіншісіне ауыстыра алады.
Роумингтегі және халықаралық бағыттағы елдер*
Кестеде көрсетілген халықаралық бағыттарға шығыс қоңырауларға, сондай-ақ роумингтегі кіріс қоңырауларға және ҚР-ға шығыс қоңырауларға минуттардың көлемі мына елдерде ғана қолданылады: Австрия, Канада, Қытай (Гонконгті қоспағанда), Чехия, Германия, Греция, Үндістан, Польша, Испания, Түркия, АҚШ, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Ресей (Қырымды қоспағанда), Өзбекстан.
Халықаралық бағыттарға шығыс қоңыраулардың минуттар топтамасы роумингте қолданылмайды. Минуттар жерсеріктік және премиум бағыттарға қоңырау шалу үшін қолданылмайды. Стандартты тарифтер, халықаралық қоңыраулар мен роумингтегі қоңырауларға науқандық ұсыныстар. сайтында көрсетілген.
Тарифтік жоспар бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасының қолданылуы туралы
Қызметтер топтамасы оны қосу күніне тәуелсіз күнтізбелік айдың соңына дейін жарамды.
Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамалары абоненттік төлемді алған кезде ғана есептеледі.
Тарифтік жоспарды ағымдағы есептік кезең (ай) аяқталғанға дейін ауыстырған/өшірген жағдайда шарттарға сәйкес берілген қызметтер көлемі абонентке ағымдағы есептік кезеңнің (айдың) соңына дейін қолжетімді болады.
Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемге енгізілген белсенді интернет-сессия кезінде берілген бонустық интернет-трафик жарамды болмайды. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректердің берілуін өшіріп-қосып), интернетті пайдалануды трафик берілгеннен кейін қайта бастау қажет.
Абоненттік төлем алынбаған кездегі қызмет құны (ҚҚС-пен)
activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар – 9тг/мин
Корпоративтік топ ішіндегі қоңыраулар - 9тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға қоңыраулар - 9тг/мин
ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар - 15тг/мин
ҚР бойынша барлық мобильді нөмірлерге SMS – 6,84тг/смс
Мобильді интернет (GPRS/EDGE)– 20,16тг/МБ
Халықаралық бағыттарға қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте шығыс және кіріс қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE) – стандартты тариф
Тариф бойынша қызметтер топтамасының көлемі асырылғандағы қызметтердің құны (ҚҚСпен)
activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар – 0тг/мин
Корпоративтік топ ішіндегі қоңыраулар - 0тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға қоңыраулар - 9тг/мин
ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар - 15тг/мин
ҚР бойынша барлық мобильді нөмірлерге SMS – 6,84тг/смс
Мобильді интернет (GPRS/EDGE)– жылдамдықтың 64Кбит/с дейін төмендеуі
Халықаралық бағыттарға қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте шығыс және кіріс қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE) – стандартты тариф
Қызметтердің топтамаларын тексеру
Минуттар, интернет пен SMS топтамасының қалдығын тексеру үшін *123*3#ОК USSD комбинациясын теріңіз
Абоненттік төлем қалай және қашан есептен шығарылады
Тарифтік жоспарды қосқан кезде абоненттік төлем күнтізбелік айдың соңына дейін қалған күндердің санына барабар мөлшерде (қосылу күнін қоса алғанда) және содан кейін Астана қаласының уақыты бойынша айдың әрбір 1-күні сағат 00: 00-ден кейін (алыну кезеңі өзгеруі және бірнеше сағатқа жетуі мүмкін) теңгерімде жеткілікті сома немесе несиелік лимит болған жағдайда ғана толық көлемде алынады. Теңгерім немесе неселік лимит жетіспеген жағдайда Тарифтік жоспар қосылмайды не Тарифтік жоспар бойынша кезекті абоненттік төлем алынбайды және қызметтерді тарифтеу абоненттік төлем алынбағандағыдай тарифтер бойынша жүзеге асырылатын болады. Егер абоненттік төлем айдың 1-ші күнінен кейін алынса, онда абоненттік төлем мөлшері тарифтік жоспарды алғаш қосқандағыдай айда қалған күндер санына байланысты болады. Егер айдың бір күнінде теңгерім сомасы айдың қалған күндері үшін абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті мөлшерге жетсе, онда абоненттік төлем автоматты түрде алынады. Абоненттік төлем алынған кезде тарифтік жоспармен қамтылған қызметтердің көлемі толық мөлшерде беріледі.
Қосымша топтамалар
Қосымша топтамаларды қосу пәрмені *590#OK. Қосымша топтама бойынша қалдықты білу үшін *100#OK пәрменін теріңіз.
Басқа мобильді операторларға ҚР бойынша қоңыраулар:
- 70 минут 960 теңге
- 120 минут 1460 теңге
Интернет топтамалар:
- 5 ГБ 1690 теңге
- 10 ГБ 2490 теңге
- 20 ГБ 3990 теңге
- 50 ГБ 7990 теңге
Қосымша топтаманы қосу құны оны белсендірген сәтте толық көлемде алынады. Егер теңгерімдегі қаражат жеткіліксіз болса, топтама қосылмайды.
Қосымша топтаманың әрекет ету мерзімі — қосылған сәттен бастап 720 сағат (Астана қ. уақытымен 23:59 дейін).
Қосымша топтама бойынша жұмсалмаған қызметтердің көлемі келесідей ретте жойылады:
- қосым топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда;
- тарифтік жоспардың басқа тарифтік жоспарға ауысқан жағдайында*;
- байланыс қызметтерін көрсету шартының бұзылған жағдайында.
* сіз ауысқан тарифтік жоспарда ұқсас қосымша топтамалар қолданылатын жағдайлардан басқа.
Қосымша интернет-топтама барынша қолжетімді жылдамдықта ұсынылады. Тарифтік жоспар бойынша жұмсалмаған көлем болған кезде бірінші кезекте қосымша топтама, одан кейін тарифтік жоспар бойынша көлем жұмсалатын болады. Қосымша топтама бойынша да, тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған кезде айдың соңына дейін жылдамдық 64 Кбит/сек аспайды.
Егер тарифтік жоспар мен қосымша топтама бойынша қызметтер көлемі болса, онда абоненттік төлем алынған кезде алдымен қызметтердің қосымша топтамасы жұмсалады. Бірнеше қосымша топтаматерды қосқан кезде алдымен қолданылу мерзімі аз қызметтердің қосылған көлемі жұмсалады.
Қоңырау шалу үшін қосымша топтамалар таусылған жағдайда тарифтеу тарифке сәйкес болады. Қосымша топтама бойынша да, тарифтік жоспарлар мен қосымша қызметтер бойынша да интернет-трафик таусылған кезде айдың соңына дейін жылдамдық 64 Кбит/сек аспайды.
Қосымша топтамаларға 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қосылуға болады.
Басқа Kcell қызметтерімен үйлесімдік шарттары
Тарифтерді «Бизнес Планета» және «Business Travel» қосымша қызметтерімен бір уақытта қосуға болады.
Үйлесімділік талаптарын компания өзгерте немесе толықтыра алады.
Басқа шарттар
Аталған тарифтер ҚР аумағында роумингтегі қоңырауларды қоспағанда, компанияның қамту аймағында қолданылады. Абонент пайдаланатын басқа да қызметтерді тарифтеу оларды пайдаланған кезде қолданылатын тарифтер бойынша жүргізіледі. Қоңырауды қосу ұзақтығы - 150 минут.
Корпоративтік топ - Корпоративтік абонентке (байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) ресімделген абоненттік нөмірлердің біріктірілген тобы.