Жиі қойылатын сұрақтар
- Байланысушы тұлға немесе нөмірді пайдаланушы SIM картаны ауыстыруға өтінішімен және жеке куәлігімен Kcell Center / Kcell Store дүкеніне жүгінеді. Өтініште Компанияның SIM картаны алуға осы тұлғаға сенім білдіретіндігі көрсетілуі тиіс.
- Сондай-ақ, сізде резервтік SIM-карталар* болса, Кабинетте немесе *877#OK тіркесін теру арқылы өздігіңізден ауыстыра аласыз.
* Резервтік SIM карталарды өтінішпен және сенімхатпен Кселл Center / Kcell Store дүкеніне жүгіну арқылы алуға болады.
Абоненттік нөмірді жеке тұлғадан заңды тұлғаға қайта рәсімдеуге болады (мысалы, жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдағанда, онда оның өз атына рәсімделген Kcell нөмірі болса). Бұл үшін:
Жеке тұлғаға:
- Жеке басын куәландыратын құжатымен Kcell орталығына жүгіну қажет.
- Нөмірді заңды тұлғаға қайта рәсімдеуге өтінішті толтыру.
Заңды тұлғаға:
- Нөмірге тіркеу нысанын толтыру.
- Нөмірге тарифтік жоспарды қосу және нөмірді корпоративтік топқа қосу туралы өтінішті дайындау.
- Құжаттардың сканерленген көшірмелерін email@kcell.kz адресіне жіберу қажет.
- Құжаттардың түпнұсқаларын Kcell Center ұсыну қажет. Немесе заңды тұлға құжаттардың түпнұсқаларын жеке тұлғаға табыстай алады.
Абоненттік нөмірді заңды тұлғадан жеке тұлғаға қайта рәсімдеуге болады (мысалы, қызметкер жұмыстан шығарылғанда). Бұл үшін:
Жеке тұлғаға:
- Жеке басын куәландыратын құжатымен Kcell орталығына жүгіну.
- Нөмірге тіркеу нысанын толтыру қажет.
Заңды тұлғаға:
- Нөмірді жеке тұлғаға қайта рәсімдеу үшін хат/өтініш дайындау.
- Өтініштің сканерленген нұсқасын email@kcell.kz адресіне жіберу.
- Құжаттардың түпнұсқаларын жеке тұлғаға немесе Kcell Center ұсыну қажет.