Бiлiм+
Мұрағаттық тариф. Қосылу жабық.
Қызмет/Сервис |
«Білім+» тарифтік жоспары: |
Ай сайынғы абоненттік төлем*, тг, ҚҚС есебімен |
990 |
Activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар, минутына, тг ҚҚС есебімен |
18 |
Корпоративтік топ ішіндегі қоңыраулар, минутына, тг ҚҚС есебімен** |
18 |
Қазақстан бойынша басқа ұялы операторлардың нөмірлеріне және қалалық нөмірлерге қоңыраулар, минутына, тг ҚҚС есебімен |
18 |
ҚР бойынша барлық басқа мобильді операторларға SMS, бір хабарламаға, тг ҚҚС есебімен |
18 |
Мобильді интернет (GPRS/EDGE) |
Қосылған көлем – 1гб, содан кейін жылдамдық 64 кбит/сек аспайды. Абоненттік төлем алынбаған кездегі тарифтер - 2тг/мб |
Қосылыс ұзақтығы – 150 минутқа дейін. Шұғыл қоңыраулармен қосылыстар, сондай-ақ 1414 нөмірімен қысқа хабарламалар – тарифтелмейді; ҚР БҒМ мақұлдаған білім беру ресурстарына Интернет-трафик, тарифтелмейді, қол жеткізу жылдамдығы 1.5 Мбит/сек аспайды.
Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемге енгізілген белсенді интернет-сессия кезінде берілген бонустық интернет-трафик жарамды болмайды. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректердің берілуін өшіріп-қосып), интернетті пайдалануды трафик берілгеннен кейін қайта бастау қажет.
Тарифтер ҚҚС есепке ала отырып, теңгемен көрсетілген және Қазақстан Республикасының аумағында Орындаушының қамту аймағында қолданылады. Тапсырыс беруші пайдаланатын, бірақ жоғарыдағы кестеде көрсетілмеген қызметтерді тарифтеу осындай қызметтерді пайдалану кезінде қолданылатын осындай қызметтердің тарифтері бойынша жүргізіледі.
Қызметтердің құны Қазақстан Республикасының аумағында жарамды
* Абоненттік төлем ағымдағы айдың соңына дейін қалған күндердің санына барабар мөлшерде (қосылу күнін қоса алғанда), содан кейін қаражат жеткілікті болған кезде (аванстық есеп айырысу тәртібі үшін) немесе несиелік лимит шегінде (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) әр айдың 1-ші күні Астана қаласының уақыты бойынша 00: 00-ден кейін толық мөлшерде алынады. Абоненттік төлемді алу кезеңі өзгеріп отырады және бірнеше сағатқа дейін жетуі мүмкін. Абоненттік төлем алынғанға дейін корпоративтік топтың ішіндегі қоңыраулар 7 тг/мин тарифтеледі Теңгерім мөлшері абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті сомаға жеткен және теңгерімді толықтырған жағдайда, абоненттік төлем алынған күнді қосқанда ағымдағы айдың соңына дейін қалған күндер санына барабар мөлшерде алынады;
** Корпоративтік топ - Корпоративтік абонентке (байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) ресімделген абоненттік нөмірлердің біріктірілген тобы.
Абонент абоненттік төлеммен бірнеше сервистерді/тарифтік жоспарды қосқан кезде абоненттік төлемдерді алу кезектілігі белгіленбеген. Осыған байланысты барлық қосылған сервистер бойынша абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті теңгерімнің болуын және тарифтік жоспар/сервис бойынша абоненттік төлемнің алынуын тексерген жөн.