Ұялы байланыс

Жауапты бизнеc

Біз күнделікті жұмысымызда және мүдделі тараптармен қарым-қатынас жүргізуде құндылықтарымызды басшылыққа аламыз. Түпкілікті мақсатымыз –акционерлерімізге және қоғамға пайда әкелу. Біз сондай-ақ бизнесіміздің мүмкін болатын кері әсеріне байланысты мәселелерді шешуге жауапты боламыз.

«Жауапты бизнес» – экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Компания қызметін сипаттау үшін пайдаланылатын ортақ термин.

Жауапты бизнесті түзу жөніндегі жұмыс негізінен қамсыздандыру жүйесінде экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты, қызметкерлеріміздің және барлық нарықтарда бизнесті жүргізудің этикалық нормаларын қадағалайтын клиенттеріміздің әл-ауқатын қамтамасыз ету, клиенттеріміздің дербес деректерін қорғау және пікір білдіру бостандығын қадағалау болып табылады.

Жедел желі

«Жедел желі» нөмірілер 8 800 080 30 30
88000802662

nysana@cscc.kz

Компанияның Этика кодексі мен саясаттары талаптарының бұзылғаны туралы хабарлауға арналған желі.

Оңай,сенімді, құпия.

Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.