Ұялы байланыс

Кабинет

Корпоративтік топтық деректерді тиімді басқару үшін, Кселл корпоративтік абоненттер үшін «Кабинет» қызметін іске қосты.

«Кабинет» қызметі қажетті ақпарат алуға және корпоративтік топтың нөмірлерін онлайндық өзін-өзі басқару режимінде Кселл компаниясының мамандарына хабарласпай-ақ басқаруға мүмкіндік береді. «Кабинет» қызметіне қол жеткізу үшін сізге компанияңыздың әкімшісін тағайындау және корпоративтік топты басқаруға нұсқау беру қажет.

Кабинетті пайдалану туралы нұсқаулықты жүктеу

Орындалған жұмыстардың электронды актісін жүктеп алу мен қол қою нұсқаулығы

«Кабинет» қызметі үшін қол жетімді қызметтер тізімі:

  • Құрылғыны тіркеу (IMEI) — тіркелген құрылғыларды қарау, алып тастау және тіркеу
  • Қызмет көрсету көлемінің теңгерімін және балансын көру
  • Нөмір туралы жалпы ақпарат (жеке шот, нөмір мәртебесі, нөмір бойынша қызметті есептеу тәртібі)
  • Тарифтік жоспар туралы ақпарат
  • Қолда бар сыйақы туралы деректер
  • Қосылған қызметтер туралы ақпарат
  • Қызметтерді қосу/ажырату:
    • Роуминг
    • Роумингте қосымша қызметтер
    • Халықаралық қолжетімділік
    • Қосымша интернет қызметтері
  • Нөмірді бұғаттау/бұғаттан шығару
  • Соңғы 3 айдағы шот деректері (ағымдағы күнге дейін)
  • SIM-картаны ауыстыру
  • SIM-карта бойынша деректер (SIM-карта нөмірі, PIN/PUK кодтары)
  • Есептер мен құжаттарды алу:
    • Салыстыру актісі
    • Нөмірлердің тізімі бойынша есеп
    • Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі
    • Шот-фактуралардың тізілімі
    • Төлемдер тарихы

Қызметті қосу:

«Кабинет» қызметіне қосылу үшін сізге:

  • Компанияның мөрі бар (бар болса) фирмалық бланкінде қосылу туралы өтінішті толтырыңыз (үлгі өтінім)
  • Өтініште өзіңіздің корпоративтік топтың әкімшісін көрсетіңіз
  • Өтініштің сканерленген нұсқасын Бірыңғай Корпоративтік клиенттерге қолдау көрсету қызметінің email@kcell.kz. электрондық поштасына жіберіңіз. Бастапқы өтінім Сіздің қалаңыздың Kcell Center жіберілуі тиіс.
  • Қызметті қосу туралы хабарлама алғаннан кейін, https://cabinet.kcell.kz сілтемесін басыңыз және «Құпия сөзіңізді ұмыттыңыз ба?» функциясын пайдаланыңыз.

Қызмет бағасы:

«Кабинет» қызметіне қосылу ақысыз. Абоненттік төлем алынбайды.

Технологиялық қолжетімділік беру:

«Абонентке өзіне‐өзі қызмет көрсетуге технологиялық қолжетімділік беру» қызметін пайдалану ережесі

Ережелері жүктеп алыңыз

Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.