Ұялы байланыс

Сіз Қазақстан бойынша барлық бағыттарға бар-жоғы 9 теңгеге қоңырау шала аласыз! Желі ішінде, Қазақстан мобильді операторларының барлық нөмірлеріне қоңырау шалу! 1-минуттан бастап-ақ бір баға! Тариф бүкіл Қазақстан бойынша әрекет етеді, сондықтан енді Сізге тарифтік шарттардың өзгеретініне байланысты облыс сыртына шыға салысымен нөмірді ауыстырудың қажет жоқ.

Тарифтік жоспарға қосылу Kcell Center-ге немесе Сіздің корпоративтік тобыңызға қызмет көрсететін Kcell сауда өкіліне жазбаша өтінішпен хабарласу арқылы.

Қосылу құны: 0 ₸.

Абоненттік төлем: 500 ₸/ай.

Шығыс қоңыраулар
корпоративтік топ ішіндегі шығыс қоңыраулар**:0 ₸
желі ішіндегі ұялы нөмірлерге:9 ₸
Қазақстан бойынша басқа ұялы нөмірлеріне:9 ₸
қалалық нөмірлерге:9 ₸
Тарифтік есептеу қадамы — 1 сек
SMS
желі ішіндегі ұялы нөмірлерге:6,84 ₸
Қазақстан бойынша басқа ұялы нөмірлеріне:6,84 ₸
Халықаралық бағыттарғаСтандартты тариф
Мобильдік Интернет
1 MB20,16 ₸
Дөңгелектеу қадамы — 1 KB

* Қызметтер құны Қазақстан Республикасының аумағында жарамды;

** Корпоративтік топ — Корпоративтік абонентке (байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) ресімделген абоненттік нөмірлердің біріктірілген тобы.

Абоненттік төлем ағымдағы айдың аяғына дейін қалған күндердің санына тең алынады (қосу күнін қоса), одан кейін қаражат жеткілікті болса (есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібі үшін) немесе несиелік лимит шегінде (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) толық мөлшерде әр айдың 1-жұлдызында Астана уақытымен 00:00-ден кейін алынады. Абоненттік төлемді алу кезеңі өзгеруі және бірнеше сағатқа дейін жетуі мүмкін. Абоненттік төлем алынған сәтке дейін, корпоративтік топ ішінде қоңыраулар 7 тг/мин бойынша тарифтеледі. Теңгерімнің мөлшері абоненттік төлемді алуға жететін сомаға жеткенде, абоненттік төлем алу күнін қоса, ағымдағы айдың аяғына дейін қалған күндердің санына тең мөлшерде алынады.

Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.