Ұялы байланыс

«Кселл» АҚ Интернет желісіне деректерді берудің кең жолақты арналарын пайдаланумен қосылу қызметін ұсынады. Қызметті компания қажеттіктері мен «Кселл» АҚ техникалық мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастыруға болады:

  • Байланыстың радио-релейлі байланыс арналары (РРЛ) арқылы;
  • Оптикалық-талшықтық кабель (ВОЛС) арқылы.

Интернет қосылысы сервисті жоғары кедергіге қарсылықпен ұсынуға мүмкіндік беретін магистральді желінің түрлі географиялық сағаларында халықаралық байланыс операторларымен түйісу базасында жүргізіледі.

Артықшылықтарымыз:

  • Сервис кепілдемесі (SLA).
  • Қызметті 24/7 режимінде ұсыну.
  • Желі қамтымының кең географиясы.
  • Кез келген жылдамдыққа лимитсіз трафик.
  • Көп деңгейлі қызмет.

Қызметтер мен тарифтер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша сауда өкіліне хабарласу қажет:

9090 — Kcell/activ® абоненттері үшін (тегін) · 8(727)2587021 — қалалық нөмірден

Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.