Ұялы байланыс

Есеп айырысу әдісі

Кселл қызметтері үшін өзіңізге ыңғайлы есеп айырысу тәртібімен қолданыңыз!

Есеп айырысудың аванстық тәртібінде абоненттер теңгерімдегі пайдалануға болатын сома шегінде Kcell компаниясының кез келген қызметтерін пайдалана алады. Нөлге тең немесе одан да төмен теңгерім қалпында абоненттің шығыс байланысы тыйылады. Роумингтегі қаражат 30 күнге дейін кешіктіріліп алынуы мүмкін, сондықтан нөмір теңгерімінде қарыз пайда болуы мүмкін.

Есеп айырысудың аванстық тәртібін ұйымдастыру түрлері:

Ортақ дербес шот

  • Барлық нөмірлер ортақ дербес шотқа біріктірілген кезде компания ортақ шот-фактура, сондай-ақ әр нөмір бойынша ажыратылып көрсетілген қосымша алады.
  • Ортақ дербес шотқа бір заңды тұлға атына тіркелген нөмірлерді біріктіруге болады.
  • Бір дербес шоттағы нөмірлердің саны — екіден кем емес.
  • Қызметтердің төлемі бір шот бойынша бір сомамен тізілімнің ұсынылуынсыз жүргізіледі.

Жекелей дербес шоттар

Жекелей дербес шоттарда шоттар әр жекелей нөмірдің атына және мекенжайына беріліп, жеткізіледі.

Қажет құжаттар

Корпоративтік желіге алғаш қосылғанда:

  • Компания атынан бекітілген үлгідегі кепілдеме хат (түпнұсқа)
  • Компанияны тіркеу туралы куәлік көшірмесі
  • Салықтөлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН)
  • Байланысушы тұлға формасы

Корпоративті желіге келесі қосылғанда:

  • Компания атынан ұсынылатын бекітілген үлгідегі кепілдеме хат (түпнұсқа)

Есеп айырысудың несиелік тәртібінде абонент байланыс қызметтерін ақша қаражатын алдын ала төлемей, пайдалану мүмкіндігіне ие және төлемді есептесу кезеңі ішінде төлейді (абонент байланыс қызметтерін пайдаланған есепке алу кезеңі біткеннен кейін 30 күн).Яғни, Абонент ағымдағы айда алған байланыс қызметтерін келесі айдың 30 күні ішінде төлей алады.

Есепке алу кезеңі ішінде көрсетілген қызметтерге уақтылы төлемеген жағдайда, байланыс қызметтері (кіріс қоңыраулардан басқа) есептесу кезеңінен кейінгі айдың 15-жұлдызында тоқтатылады. Есеп айырысудың несиелік тәртібін пайдаланатын абоненттер үшін әр айдың 1-жұлдызында белгіленген несиелік лимит мөлшері жаңартылады. Яғни, несиелік лимит қызметтер бойынша қаражаттың ай сайынғы шығын сомасын шектейді, сонымен қатар, келесі айдан бастап, ол жаңарады. Есеп айырысудың несиелік тәртібін пайдаланатын абоненттер үшін есепке алу кезеңі ішінде ұялы байланыс қызметтері несиелік лимит аясында көрсетіледі.

Ағымдағы есепке алу кезеңінде белгіленген лимит біткен жағдайда, кіріс қоңыраулардан басқа, есеп айырысудың несиелік тәртібі аясында байланыс қызметтерін көрсету тоқтатылады.

Ескертпе:

Есепке алу кезеңі — ұялы байланыс операторының қызметтері көрсетілген және есептелген бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі.

Есептесу кезеңі —абонент ұялы байланыс операторының көрсеткен қызметтеріне төлейтін, есепке алу кезеңі біткеннен кейінгі отыз күнтізбелік күн.

Шығыс байланыс тоқтатылғанда, Абоненттерде жедел қызмет нөмірлеріне шығыс қоңырау шалу мүмкіндігі сақталады.

Абонент дербес шотына өзіне өткен айда көрсетілген қызметтердің құнынан асатын ақша қаражатын салған жағдайда, 1-ші күннен өткен есепке алу кезеңінде көрсетілген қызметтер үшін шот қалыптастырылғанға дейінгі кезеңде теңгерімді тексеру кезінде абоненттерге қызмет көрсету талаптарында көзделген жеңілдіктер, қайта есептеу немесе түзетулер ескерілмеуі мүмкін. Мұндай жеңілдіктер, қайта есептеу немесе түзетулер өткен есепке алу кезеңіне шот қалыптастырылғаннан кейін теңгерімді тексерген кезде көрсетіледі.


Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.