Ұялы байланыс

Жиі қойылатын сұрақтар

SIM картаны қалай ауыстыруға болады?

  1. Байланысушы тұлға немесе нөмірді пайдаланушы SIM картаны ауыстыруға өтінішімен және жеке куәлігімен Kcell Center / Kcell Store дүкеніне жүгінеді. Өтініште Компанияның SIM картаны алуға осы тұлғаға сенім білдіретіндігі көрсетілуі тиіс.
  2. Сондай-ақ, сізде резервтік SIM-карталар* болса, Кабинетте немесе *877#OK тіркесін теру арқылы өздігіңізден ауыстыра аласыз.

* Резервтік SIM карталарды өтінішпен және сенімхатпен Кселл Center / Kcell Store дүкеніне жүгіну арқылы алуға болады.

Жеке тұлғадан заңды тұлғаға нөмірді қалай тіркеу керек?

Абоненттік нөмірді жеке тұлғадан заңды тұлғаға қайта рәсімдеуге болады (мысалы, жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдағанда, онда оның өз атына рәсімделген Kcell нөмірі болса). Бұл үшін:

Жеке тұлғаға:

  1. Жеке басын куәландыратын құжатымен Kcell орталығына жүгіну қажет.
  2. Нөмірді заңды тұлғаға қайта рәсімдеуге өтінішті толтыру.

Заңды тұлғаға:

  1. Құжаттардың түпнұсқаларын Kcell Center ұсыну қажет. Немесе заңды тұлға құжаттардың түпнұсқаларын жеке тұлғаға табыстай алады.
  2. Нөмірге тіркеу нысанын толтыру.
  3. Нөмірге тарифтік жоспарды қосу және нөмірді корпоративтік топқа қосу туралы өтінішті дайындау.
  4. Құжаттардың сканерленген көшірмелерін email@kcell.kz адресіне жіберу қажет.

Заңды тұлғаға нөмірді қалай қайта шығаруға болады?

Абоненттік нөмірді заңды тұлғадан жеке тұлғаға қайта рәсімдеуге болады (мысалы, қызметкер жұмыстан шығарылғанда). Бұл үшін:

Жеке тұлғаға:

  1. Жеке басын куәландыратын құжатымен Kcell орталығына жүгіну.
  2. Нөмірге тіркеу нысанын толтыру қажет.

Заңды тұлғаға:

  1. Нөмірді жеке тұлғаға қайта рәсімдеу үшін хат/өтініш дайындау.
  2. Өтініштің сканерленген нұсқасын email@kcell.kz адресіне жіберу.
  3. Құжаттардың түпнұсқаларын жеке тұлғаға немесе Kcell Center ұсыну қажет.
Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.