Edit Content
Ұялы байланыс

Корпоративтік клиенттерге арналған «Бизнес Класс Про» тарифі

Сіздің бизнес-лимитсіздігіңіз

01.01.2022ж. бастап бұл тарифтік желіге жаңадан қосылу мүмкін емес

Қажеттіліктеріне байланысты әрбір қызметкер үшін тарифті таңдаңыз

Трафикті әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге және бейнеконференцияға жұмсамаңыз

Бизнесіңізді «Бизнес Класс Про» тиімді тарифімен дамытыңыз

«Бизнес Класс Про» Маман

2699 ₸/ай

  • 25 ГБ интернет-трафик
  • activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
  • ҚР бойынша басқа мобильді операторларына қоңырауларға 300 минут
  • 100 SMS на все мобильные номера РК
  • KAZNET-ке шектеусіз
  • Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлеріне шығыс қоңыраулар 15 теңге/мин.
  • 16 елге халықаралық бағыттарға 10 минуттық шығыс қоңыраулар *

«Бизнес Класс Про» Сарапшы

3999 ₸/ай

  • 30 ГБ интернет-трафик
  • activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
  • ҚР бойынша басқа мобильді операторларына қоңырауларға 450 минут
  • ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 100 SMS
  • Мессенджерлерге шектеусіз
  • Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлеріне шығыс қоңыраулар 15 теңге/мин.
  • 16 елге халықаралық бағыттарға 30 минуттық шығыс қоңыраулар *

«Бизнес Класс Про» Басқарушы I

5999 ₸/ай

  • 35 ГБ интернет-трафик
  • activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
  • ҚР бойынша басқа мобильді операторларына қоңырауларға 600 минут
  • ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 100 SMS
  • Мессенджерлерге және бейнеконференциялар бағдарламаларына лимитсіз
  • Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлеріне шығыс қоңыраулар 15 теңге/мин.
  • 16 елге халықаралық бағыттарға 40 минуттық шығыс қоңыраулар *

«Бизнес Класс Про» Басқарушы II

7999 ₸/ай

  • 35 ГБ интернет-трафик
  • activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
  • ҚР бойынша басқа мобильді операторларына қоңырауларға 850 минут
  • ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 100 SMS
  • Мессенджерлерге, бейнеконференциялар бағдарламаларына және Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне шектеусіз
  • Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлеріне шығыс қоңыраулар 15 теңге/мин.
  • 16 елге халықаралық бағыттарға 50 минуттық шығыс қоңыраулар *

«Бизнес Класс Про» Директор

10999 ₸/ай

  • шектеусіз интернет
  • activ/Kcell желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар
  • ҚР бойынша басқа мобильді операторларына қоңырауларға 1050 минут
  • ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 100 SMS
  • Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлеріне шығыс қоңыраулар 15 теңге/мин.
  • 16 елге халықаралық бағыттарға 70 минуттық шығыс қоңыраулар *
  • 16 елде роуминг кезінде 100 MB интернет-трафик *
  • 16 елде роумингте 60 минут кіріс және шығыс қоңыраулар *

«Бизнес Класс Про» Президент

15999 ₸/ай

  • безлимитный интернет
  • безлимитные звонки внутри сети
  • ҚР бойынша басқа мобильді операторларына қоңырауларға 1550 минут
  • ҚР барлық мобильді нөмірлеріне 100 SMS
  • Қазақстан бойынша қалалық телефон нөмірлеріне шығыс қоңыраулар 15 теңге/мин.
  • 16 елге халықаралық бағыттарға 100 минуттық шығыс қоңыраулар *
  • 16 елде роуминг кезінде 200 MB интернет-трафик *
  • 16 елде роумингте 90 минут 90 минут кіріс және шығыс қоңыраулар *

Толық шарттары

Шектеусіз KAZNET

.kz домендік аймағының барлық сайттарына шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігі тарифтерге төменде көрсетілген шарттарды орындаған кезде ұсынылады:

  • тариф бойынша абоненттік төлем алынғанда;
  • теңгеріміңізде тариф бойынша интернет-трафик көлемінің оң қалдығы болған жағдайында (резервтелген трафикті алып тастаумен 0КБ-тан артық) Қосымша топтамалар мен қызметтер бойынша трафик есепке алынбайды.

Назар аударыңыз!

  • қол жеткізу жылдамдығы — 1 Мбит/сек дейін.
  • Ресурс бағытының өзгерген немесе kz домендік аймағындағы сайттардың ресурс тақырыбына сәйкес келмейтін контент жарияланған жағдайда байланыс операторы ресурсқа тарифтелмейтін қолжеткізілімді тоқтата тұруға құқылы,
  • қызмет роумингте жарамсыз және оны қамтымайтын басқа тарифке ауысқан кезде өшіріледі.

Әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге және бейнеконференциялар бағдарламаларына лимитсіз

messengers (Whatsapp, Viber, Telegram, Twitter, Skype), Instagram, FB, Telegram, Cisco, Skype for Business, TrueConf, ZOOM, MS Teams шектеусіз пайдалану мүмкінігі келесі шарттарды орындаған кезде ұсынылады:

— тариф бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда: теңгерімде тариф бойынша интернет-трафик көлемінің оң қалдығы болған жағдайында (0 КБ-тан артық) Қосымша топтамалар мен қызметтер бойынша трафик есепке алынбайды. 

Назар аударыңыз!

Қол жеткізу жылдамдығы — 1,5 Мбит/сек дейін.

Браузерлерді пайдалану, push-хабарламаларды алу (оның ішінде әлеуметтік желілердегі оқиғалар туралы хабарламаларды алу), бағдарламалық жасақтаманың автоматты түрде жаңартылуы немесе орнатылған басқа қолданбалардың аялық жұмысы, басқа ресурстарға сілтемелерді, баннерлік жарнаманы, техникалық трафикті пайдалану, Google Play, App Store дүкендерінен қолданбаларды жүктеу, приваттық көру режимін пайдалану, смартфонды модем режимінде пайдалану, VPN-арналарды, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді пайдалану арқылы қоңырау шалу кезінде интернет-трафик тариф бойынша негізгі қызметтер топтамасынан, бар болған жағдайда, қосымша интернет-топтамалардан жұмсалады, ал олар таусылған немесе болмаған жағдайда, интернетке қолжетімділік тарифке қосылған қызметтердің көлемінен асқан жағдайларда қолданылатын тариф бойынша тарифтеледі (сіздің бұған келісіміңіз болған жағдайда). Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасынан тыс тарифтеуге келісім болмаған жағдайда, тариф бойынша абоненттік төлем алынғанға, қосымша интернет-топтаманы қосқанға немесе тариф бойынша топтамадан тыс тарифтеуге келісім берілгенге дейін мобильді интернет қызметіне тұтастай қол жеткізу бұғатталады (және тарифтелмеуі тиіс).

Қызметтер роумингте жарамсыз, басқа тарифтік жоспарға ауысқан кезде өшіріледі.

Тарифті қалай қосуға болады

Тарифтік жоспарды тек корпоративтік абоненттер, атап айтқанда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғана қоса алады. Компанияны тарифтік жоспарға қосу үшін уәкілетті тұлға төменде көрсетілген тәсілдердің бірін таңдауы қажет:

— өтінімді толтыру (беттің төменгі жағында);
— email@kcell.kz мекенжайына өтінім жолдау;
— өзінің сауда өкіліне жүгіну;
— Kcell мобильді нөмірінен 9099 нөміріне хабарласу.

Тарифтерге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қосылуға болады. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тарифті қосқан абоненттер оны басқа тарифті қосқанға дейін немесе ағымдағы тариф жойылғанға дейін пайдалана алады.

Абонент кез келген сәтте оны қосу шарттарына сәйкес ғана осы тарифтік желіге кірмейтін бір тарифті екіншісіне ауыстыра алады.

Роумингтегі және халықаралық бағыттағы елдер*


Кестеде көрсетілген халықаралық бағыттарға шығыс қоңырауларға, сондай-ақ роумингтегі кіріс қоңырауларға және ҚР-ға шығыс қоңырауларға минуттардың көлемі мына елдерде ғана қолданылады: Австрия, Канада, Қытай (Гонконгті қоспағанда), Чехия, Германия, Греция, Үндістан, Польша, Испания, Түркия, АҚШ, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Ресей (Қырымды қоспағанда), Өзбекстан.

Халықаралық бағыттарға шығыс қоңыраулардың минуттар топтамасы роумингте қолданылмайды. Минуттар жерсеріктік және премиум бағыттарға қоңырау шалу үшін қолданылмайды. Стандартты тарифтер, халықаралық қоңыраулар мен роумингтегі қоңырауларға науқандық ұсыныстар  www.b2b.kcell.kz сайтында көрсетілген.

Тарифтік жоспар бойынша көрсетілетін қызметтер топтамасының қолданылуы туралы

Қызметтер топтамасы оны қосу күніне тәуелсіз күнтізбелік айдың соңына дейін жарамды.

Тариф бойынша көрсетілетін қызметтер топтамалары абоненттік төлемді алған кезде ғана есептеледі және activ/Kcell желісі мен интернет ішіндегі қоңырауларды қоспағанда, оң теңгерім кезінде (аванстық есеп айырысу тәртібі үшін) немесе несиелік лимит шегінде (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) ғана қолжетімді болады.

Интернет топтамасын қосқан немесе қайта қосқан кезде белсенді интернет-сессияларды аяқтау үшін смартфонда (1-3 сек) ұшу режимін қосуды және оны сөндіруді ұсынамыз.

Абоненттік төлем алынбаған кездегі қызмет құны (ҚҚС-пен)

activ/Kcell  желісі ішіндегі қоңыраулар – 0тг/мин
Корпоративтік топ ішіндегі қоңыраулар — 0тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға қоңыраулар — 9тг/мин
ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар — 0тг/мин
ҚР бойынша барлық мобильді нөмірлерге SMS – 6,84тг/смс
Мобильді интернет (GPRS/EDGE)– 20,16тг/МБ
Халықаралық бағыттарға қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте шығыс және кіріс қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE) – стандартты тариф

Тариф бойынша қызметтер топтамасының көлемі асырылғандағы қызметтердің құны (ҚҚСпен)

activ/Kcell  желісі ішіндегі қоңыраулар – 9тг/мин
Корпоративтік топ ішіндегі қоңыраулар — 9тг/мин
ҚР бойынша басқа мобильді операторларға қоңыраулар — 9тг/мин
ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар — 20тг/мин
ҚР бойынша барлық мобильді нөмірлерге SMS – 6,84тг/смс
Мобильді интернет (GPRS/EDGE)– «Президент» және «Директор» топтамаларынан басқа жылдамдықтың 64тг/МБ дейін төмендеуі
Халықаралық бағыттарға қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте шығыс және кіріс қоңыраулар – стандартты тариф
Роумингте мобильді интернет (GPRS/EDGE) – стандартты тариф

Қызметтердің топтамаларын тексеру

Минуттар, интернет пен SMS топтамасының қалдығын тексеру үшін *123*3*2#ОК USSD комбинациясын теріңіз

Абоненттік төлем қалай және қашан есептен шығарылады

Абоненттік төлем, қосу күнін қоса алғанда, күнтізбелік айдың соңына дейін қалған күндер санына барабар мөлшерде, содан кейін әр айдың 1-ші күнінде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 00:00-ден 05:00-ге дейін теңгерімде жеткілікті сома немесе несиелік лимит болған жағдайда ғана толық мөлшерде алынады. Кері жағдайда тарифтік төлем бойынша абоненттік төлем алынбайды. Абоненттік төлемді алу кезеңі өзгеруі және бірнеше сағатқа дейін жетуі мүмкін.

Теңгерім немесе несиелік лимит мөлшері абоненттік төлемді алу үшін жеткілікті сомаға жеткен және теңгерімді толықтырған жағдайда, абоненттік төлем күнтізбелік айдың соңына дейін қалған күндер санына барабар мөлшерде алынады.

Абоненттік төлем алынғанда тариф бойынша қызметтер топтамасы толық көлемде беріледі.

Егер тарифті қосқан кезде абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, онда тариф қосылады, ал қызметтерді тарифтеу абоненттік төлем алынбағандағыдай тариф бойынша жүзеге асырылады.

Қосымша топтамалар

Қосымша топтамаларды қосу пәрмені *590#OK. Қосымша топтама бойынша қалдықты білу үшін *100#OK пәрменін теріңіз.

ҚР бойынша басқа мобильді операторларға және ҚР бойынша қалалық нөмірлерге қоңыраулар:

  • 100 минут  990 теңге
  • 250 минут  1990 теңге

Интернет топтамалар:

  • 5 ГБ  1690  теңге
  • 10 ГБ 2490 теңге
  • 20 ГБ  3990 теңге
  • 50 ГБ  7990 теңге

SMS топтамалар ҚР бойынша барлық мобильді операторларға:

  • 60 SMS  690 теңге

Қосымша топтаманы қосу құны оны белсендірген сәтте толық көлемде алынады. Егер теңгерімдегі қаражат жеткіліксіз болса, топтама қосылмайды.

Қосымша топтаманың әрекет ету мерзімі — қосылған сәттен бастап 720 сағат (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 23:59 дейін).

Қосымша топтама бойынша жұмсалмаған қызметтердің көлемі келесідей ретте жойылады:

— қосым топтаманың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда;

— тарифтік жоспардың басқа тарифтік жоспарға ауысқан жағдайында*;

— байланыс қызметтерін көрсету шартының бұзылған жағдайында.

* сіз ауысқан тарифтік жоспарда ұқсас қосымша топтамалар қолданылатын жағдайлардан басқа.

Қосымша интернет-топтама барынша қолжетімді жылдамдықта ұсынылады. Тарифтік жоспар бойынша жұмсалмаған көлем болған кезде бірінші кезекте қосымша топтама, одан кейін тарифтік жоспар бойынша көлем жұмсалатын болады. Қосымша топтама бойынша да, тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған кезде айдың соңына дейін жылдамдық 64 Кбит/сек аспайды.

Егер тарифтік жоспар мен қосымша топтама бойынша қызметтер көлемі болса, онда абоненттік төлем алынған кезде алдымен қызметтердің қосымша топтамасы жұмсалады. Бірнеше қосымша топтаматерды қосқан кезде алдымен қолданылу мерзімі аз қызметтердің қосылған көлемі жұмсалады.

Қоңырау шалу үшін қосымша топтамалар таусылған жағдайда тарифтеу тарифке сәйкес болады. Қосымша топтама бойынша да, тарифтік жоспарлар мен қосымша қызметтер бойынша да интернет-трафик таусылған кезде айдың соңына дейін жылдамдық 64 Кбит/сек аспайды.

Басқа Kcell қызметтерімен үйлесімдік шарттары

— Тарифтік жоспарларға қосылу абонентте абоненттік құрылғыларды сатып алу жөніндегі науқандар бойынша қолданыстағы келісім болғанда қолжетімді болмайды.
— Тарифтік жоспарларды қосымша интернет-қызметтермен бір уақытта қосу мүмкін емес: — «Мобильді интернет плюс», «500 МБ интернет-топтамасы», «5 ГБ-5 ТБ интернет-топтамалары» қосымша интернет-қызметтерімен бір мезгілде қосыла алады.
— Тарифтік жоспарлар «Бизнес Планета» қосымша қызметімен бір уақытта қосыла алады. Бұл ретте ең алдымен тарифтік жоспар бойынша, содан соң қосымша қызметтер бойынша минуттар жұмсалады.
— Тарифтік жоспарлар «Business Travel» қосымша қызметімен бір мезгілде қосыла алады. Бұл ретте ең алдымен тарифтік жоспар бойынша, содан соң қосымша қызметтер бойынша минуттар жұмсалады.
— Тарифтік жоспарлар «Үлкен роуминг топтамалар» қосымша қызметімен бір мезгілде қосыла алады. Бұл ретте ең алдымен қосымша қызмет бойынша, содан соң тарифтік жоспарлар бойынша минуттар мен интернет жұмсалады.

Басқа шарттар

Аталған тарифтер ҚР аумағында роумингтегі қоңырауларды қоспағанда, компанияның қамту аймағында қолданылады. Абонент пайдаланатын басқа да қызметтерді тарифтеу оларды пайдаланған кезде қолданылатын тарифтер бойынша жүргізіледі. Қоңырауды қосу ұзақтығы — 150 минут.

Scroll to Top