Ұялы байланыс

Банк арқылы төлеу

«Қазақстан Халық банкі» арқылы төлеу

Байланыс қызметтерін төмендегі тәсілдермен төлеуге болады:

1) «Жеке тұлғаларға арналған Интернет–банкинг» www.myhalyk.kz арқылы:
 • «төлемдер» — «байланыс қызметтері» — Kcell/Activ тармақтарын таңдаңыз;
 • ұялы телефон нөмірі мен шотты толтырудың қажет сомасын енгізіңіз.
Төлем жайтын растау үшін чекті басып шығару мүмкіндігі бар.
2) есептік-кассалық бөлімдер /банкоматтар/банктік терминалдар. Тізімді мына жерден алуға болады;
3) «Мобильді банкинг» жүйесі банктік шоттарыңызды ұялы телефон арқылы басқаруға мүмкіндік береді. 

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы Халық банкінің Контакт-орталығына хабарласа аласыз: 8 (727) 2 590 777 (Алматы қ. үшін), 8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін) немесе www.halykbank.kz сайтын қараңыз.

«Bereke Bank» АҚ арқылы төлеу

«Bereke Bank» АҚ 050010, ** Алматы қ. Гоголь ксі/ Қалдаяқоы ксі 30/26, БСК BRKEKZKA

Ұлттық валютадағы шот
KZ14914398914BC03046 KZT

«Банк ЦентрКредит» арқылы төлеу

Байланыс қызметтерін төмендегі тәсілдермен төлеуге болады:1) тәулік бойы Центркредит интернет-банкингі арқылы;
2) есептік-кассалық бөлімдерде (ЕКБ).
3) банкоматтар арқылы.
4) POS терминалдары арқылы. Тізімді мына жерден қарауға болады;
5) «Мобильді банкинг» арқылы;
6) «Үй банкингі» арқылы;
7) Интернет-киоскілер арқылы.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы Центркредит банкінің Контакт-орталығына хабарласа аласыз: 8 (727) 2 443 000 (Алматы қ. тұрғындары мен қонақтары үшін) немесе 8 8000 8000 88 (Қазақстан үшін қоңырау тегін), немесе https://www.bcc.kz/  сайтын қараңыз.

Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.