Ұялы байланыс

Автомониторинг

«Автомониторинг» қызметі – бұл «Кселл» АҚ қызмет көрсету шектерінде түрлі облыстардағы шалғайда орналасқан нысандарды (көлік құралдарын және арнайы техниканы) тиімді басқаруға арналған жиынтықты шешім.

— Жүктерді тасымалдау, адамдарды тасу және такси қызметтерін көрсететіндер үшін;

— Қоғамдық көліктер үшін;

— Ауыл шаруашылығы үшін;

— Құрылысшылар мен жол жөндеу техникасы үшін;

— Жер қазу жабдығы мен арнайы техника үшін.

Қызметтер мен тарифтер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша сауда өкіліне хабарласу қажет:

9090 — Kcell/activ® абоненттері үшін (тегін) · 8(727)2587021 — қалалық нөмірден

— Шалғайдағы нысандарды пайдалану және басқару тиімділігін көтеру;

— Сату мен жеткізудің мобильді бөлімшелерінің тиімділігін басқару;

— Шығындарды оңтайландыру;

— Барлық деңгейдегі басқарушыларға арналған статистика, есептілік және тиімді жоспарлау;

— Қызметті «Кселл» АҚ желісінің қамту аймағында ҚР барлық аймақтарында ұсыну.

Қызметтер мен тарифтер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша сауда өкіліне хабарласу қажет:

9090 — Kcell/activ® абоненттері үшін (тегін) · 8(727)2587021 — қалалық нөмірден

Мониторинг жүйесі төмендегілерді қамтиды: SIM-карта және «Кселл» АҚ ұсынатын электрондық платформа негізінде онлайн режимде нысандардың оналасқан жерін бақылауды және нысандар туралы ақпарат алуды қамтамасыз ететін «Кселл» АҚ жабдығы.

SIM-картасы бар жабдық пайдаланушының көлігіне орнатылады. Пайдаланушыға «Кселл» АҚ электрондық платформасын пайдалану арқылы web-бетке кіріп, көліктің орналасқан жерін қарау үшін логин және пароль беріледі.

2014 жылдың 1 тамызынан кейін қосылған клиенттер үшін кіру

2014 жылдың 1 тамызына дейін қосылған клиенттер үшін кіру

Қызметтер мен тарифтер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша сауда өкіліне хабарласу қажет:

9090 — Kcell/activ® абоненттері үшін (тегін) · 8(727)2587021 — қалалық нөмірден

Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.