Ұялы байланыс

Заманауи бизнес барлық бөлімше қызметін оперативті түрде басқаруды талап етеді. Алайда ұйым бөлімшелерінің түрлі аймақтарда орналасқан кезінде шынайы уақыт аралығында байланыс жүргізу біраз қиындайды. Осы мәселеде «Кселл» АҚ ұсынған «Корпоративтік желі» қызметі көмекке келеді.

Осы қызмет клиенттің барлық кеңселері мен нысандарын виртуалды жеке желіні ұйымдастыру шеңберінде біріктіріп, пайдаланушыларға олардың геогафиялық орналасуына қатыссыз корпоративтік желі ресурстарын қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Технология ерекшеліктері:

  • Арнаның кепілдендірілген ені;
  • Тәуелсіз жеке меншік арна;
  • Барлық желі сегменттерінің шифрленуі;
  • Орталықтандырылған басқарма;
  • Мобильді қосылу;
  • SLA шарты.

Клиент үшін артықшылықтар:

  • Шынайы уақыт аралығында қол жеткізу;
  • Клиенттің барлық кеңселері мен барлық қызметкерлері үшін бірегей жеке меншік желі;
  • Деректерді беру құпиялығы;
  • Барлық бөлімше қызметін бақылау;
  • Бөлімшелердің басқару процесін оңтайландыру.

Қызмет пен тарифтерге қатысты толығырақ ақпарат алу үшін жеке менеджеріңізге және/немесе Kcell мобильді нөмірінен 9090, қалалықтан +7 727 2587021 телефондары арқылы хабарласыңыз.

Scroll to Top

Құрметті абоненттер,

«Кселл» АҚ 2026 жылғы 01 шілдеден бастап есепке алу мен басқарудың жаңа SAP HANA жүйесіне көшетінін хабарлаймыз.
Келісімшарттық міндеттемелер бойынша дербес шоттарға төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, қызметтер ақысын 2026 жылғы 26–28 маусымнан кешіктірмей қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеуді ұсынамыз.

Бұл шара жаңа SAP HANA есепке алу және басқару жүйесіне көшу кезеңінде, сондай-ақ оны көшіргеннен кейінгі тұрақтандыру кезеңінде төлемдерді өңдеу мен есепке алудағы ықтимал кідірістерді азайтуға бағытталған. SAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін жекелеген процестерді, соның ішінде келіп түсетін ақшалай қаражатты өңдеуді, сәйкестендіруді және бөлуді автоматтандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

Жүйені көшіру кезеңінде және жаңаSAP HANA жүйесі іске қосылғаннан кейін бірден түскен төлемдер ұзағырақ өңделуі мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Абоненттердің/Клиенттердің төлем бойынша барлық міндеттемелері, төлемдерді ішкі өңдеу мерзімдеріне қарамастан, шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес орындалды деп есептеледі.
Жасалған шарттардың талаптары өзгеріссіз қалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 258-70-21 телефоны, мобильді телефоннан 9099 нөмірі немесеemail@kcell.kz электрондық поштасы арқылы Корпоративтік клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.