Есеп айырысу әдісі

Кселл қызметтері үшін өзіңізге ыңғайлы есеп айырысу тәртібімен қолданыңыз!

 

Есеп айырысудың аванстық тәртібінде абоненттер теңгерімдегі пайдалануға болатын сома шегінде Kcell компаниясының кез келген қызметтерін пайдалана алады. Нөлге тең немесе одан да төмен теңгерім қалпында абоненттің шығыс байланысы тыйылады.

Есеп айырысудың несиелік тәртібінде абонент байланыс қызметтерін ақша қаражатын алдын ала төлемей, пайдалану мүмкіндігіне ие және төлемді есептесу кезеңі ішінде төлейді (абонент байланыс қызметтерін пайдаланған есепке алу кезеңі біткеннен кейін 30 күн).

Яғни, Абонент ағымдағы айда алған байланыс қызметтерін келесі айдың 30 күні ішінде төлей алады.

Есепке алу кезеңі ішінде көрсетілген қызметтерге уақтылы төлемеген жағдайда, байланыс қызметтері (кіріс қоңыраулардан басқа) есептесу кезеңінен кейінгі айдың 3-жұлдызында тоқтатылады. Есеп айырысудың несиелік тәртібін пайдаланатын абоненттер үшін әр айдың 1-жұлдызында белгіленген несиелік лимит мөлшері жаңартылады. Яғни, несиелік лимит қызметтер бойынша қаражаттың ай сайынғы шығын сомасын шектейді, сонымен қатар, келесі айдан бастап, ол жаңарады. Есеп айырысудың несиелік тәртібін пайдаланатын абоненттер үшін есепке алу кезеңі ішінде ұялы байланыс қызметтері несиелік лимит аясында көрсетіледі.

Ағымдағы есепке алу кезеңінде белгіленген лимит біткен жағдайда, кіріс қоңыраулардан басқа, есеп айырысудың несиелік тәртібі аясында байланыс қызметтерін көрсету тоқтатылады.

Ескертпе:

  1. Есепке алу кезеңі — ұялы байланыс операторының қызметтері көрсетілген және есептелген бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі;
  2. Есептесу кезеңі — абонент ұялы байланыс операторының көрсеткен қызметтеріне төлейтін, есепке алу кезеңі біткеннен кейінгі отыз күнтізбелік күн.
  3. Шығыс байланыс тоқтатылғанда, Абоненттерде жедел қызмет нөмірлеріне шығыс қоңырау шалу мүмкіндігі сақталады.

Абонент дербес шотына өзіне өткен айда көрсетілген қызметтердің құнынан асатын ақша қаражатын салған жағдайда, 1-ші күннен өткен есепке алу кезеңінде көрсетілген қызметтер үшін шот қалыптастырылғанға дейінгі кезеңде теңгерімді тексеру кезінде абоненттерге қызмет көрсету талаптарында көзделген жеңілдіктер, қайта есептеу немесе түзетулер ескерілмеуі мүмкін. Мұндай жеңілдіктер, қайта есептеу немесе түзетулер өткен есепке алу кезеңіне шот қалыптастырылғаннан кейін теңгерімді тексерген кезде көрсетіледі.

Есеп айырысу тәртібін өзгерту үшін (аванстық немесе несиелік) компанияның қызмет көрсету кеңсесіне жолығып, тарифтік жоспар шарттарымен басқалай ескерілмесе, жазбаша өтініш ұсыну қажет.